Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Әр ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
Педагогиканың ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен бөлініп шығуы.
Педагогиканың даму кезеңдері. Ян Амос Коменский, Джон Локк, Жан-Жак Руссо, Иоганн Генрих Песталоцци, Иоганн Гербарт және Адольф Дистерверг. Ресей педагогтары К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, В.И.Водовозов, А.Ф.Лесгафт, В.А.Сухомлинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко.
Қазақстандық педагогтар Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Сембайұлы, С.Қожахметұлы, Қ.Бержанұлы.
Педагогиканың нысаны, пәні және қызметтері. Педагогиканың категориялық аппараты. Білім беру. Оқыту. Тәрбие. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Мектепке дейінгі педагогика. Мектеп педагогикасы.
Педагогика тарихы. Дефектология. Пәндерді оқытудың әдістемесі. Жоғары мектеп педагогикасы. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.Философия. Психология. Жас ерекшелігі физиологиясы. Мектеп гигиенасы. Этнография және археология. Кибернетика.
Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Әдіснама, әдіс пен теорияның бір-бірімен байланысы. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама осы танымға жету мен оны құру тәсілі. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы.
Педагогиканың философиялық негіздемелері. Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі.Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланыстылығы. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алу жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикадағы зерттеудің үш деңгейі. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері:Бақылау(тікелей, жанама, жасырын немесе елеусіз, үздіксіз, дискретті (үзік-үзік), монографиялық, шағын мамандандырылған бақылау, ізденіс бақылау. Педагогикалық эксперимент. Сұрақ-жауап әдістері: әңгіме, сұқбат, сауалнама жүргізу. Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу. Дәрігерлік- педагогикалық тексеру. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу. Педагогикалық құжаттарды зерттеу. Ғылыми танымның екінші деңгейі- теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері: Әдебиет көздерін оқып білу. Талдау мен жинақтау. Абстракциялау. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Ұқсастыру әдісі. Болжау әдісі. Математикалық және статистикалық әдістер.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей-әдіснамалық деңгей. Танымның теориялық және эмпирикалық деңгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқындалады; таным іс-әрекетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады.
Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. 60-жылдардан бастап мәдениеттің диалог, ынтымақтастық, бірігіп әрекет жасау, басқа адамның пікірін түсіне білу қажеттілігі, тұлғаны сыйлай білу т.б.идеялармен баюы. Қазіргі заманғы педагогиканы адамға және оның дамуына бағыттау, гуманистік дәстүрлерді қайта жаңғырту міндеттері. Оларды шешу үшін ең алдымен педагогиканың әдіснамасы болып саналатын білім бердің гуманистік философиясын ойластыру, дамыту. Осыдан, педагогиканың әдіснамасын білім беру философиясының гуманистік мәнін бейнелейтін педагогикалық таным мен шындықты дұрыс түсіну туралы теориялық ережелердің жиынтығы деп қарау. Алайда ғылыми таным, соның ішінде педагогикалық та, шындыққа сүйіспеншілікпен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мақсатында жүзеге асады. Осыған байланысты адам өмірінің көптеген аспектілері жеке тұлғаның ойлау процесіне, материалдық және рухани құндылықтар жасауына, адамзат мәдениетін дамытуға жұмсалады.
Практикалық және танымдық тұғырлар арасындағы байланыс механизмінің ролін теория мен практика арасындағы «көпір» ретінде аксиологиялық немесе құндылық тұғыр атқарады. Ол, бір жағынан, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері өзінде қалыптасқан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау міндеттерін шешеді.
Аксиологиялық тұғырдың мәні төмендегі аксиологиялық принциптер арқылы ашылады:мәдени және этникалық ерекшеліктердің әркелкілігін сақтай отырып, құндылықтардың біртұтас гуманистік жүйесінің көлемінде философиялық көзқарастардың теңдігі;дәстүр мен шығармашылықтың әртектілігі, өткен кезеңнің білімдерін зерттеу қажеттілігін мойындау, қазіргі кезде және болашақта рухани жаңалықтар ашылу мүмкіндігін мойындау, дәстүрлілер мен жаңашылдар арасындағы диалогты өзара байыту; адамдар арасындағы экзистенционалдық теңдік, құндылықтың негіздері туралы демогогикалық келіспеушілік орнына социомәдени прагматизм;
Осы әдіснама негізінде ең негізгі міндеттердің бірі- ғылымның, соның ішінде педагогиканың гуманистік мәнін ашу, оның адамға танымның, қарым-қатынастың, шығармашылықтың субъектісі ретінде қарым-қатынасы.
Аксиологиялық тұғыр негізінен гуманистік педагогикаға тән болғандықтан, ондағы адам қоғамның ең жоғарғы құндылығы және қоғамдық дамудың ең жоғарғы мақсаты ретінде қарастырылады. Сондықтан аксиология гуманистік проблематиканың жалпы бөлегі ретінде білім берудің жаңа философиясының негізі және қазіргі заман педагогикасының әдіснамасы ретінде қарастырылады.
ХХ-ғасырдың 60-жылдарынан бастап құндылықтар категориясы отандық ғылымда философиялық ой-пікірдің пәні ретінде зерттеле басатады, осы кезде адам, мораль, гуманизм, субъективтік факторларға қызығушылық күшейе түсті. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар. Топтық педагогикалық құндылықтар. Тұлғалық-педагогикалық құндылықтар..
Білім беру жалпыадамзаттық құндылық ретінде. Білім берудің мәдени- гумандық функциялары: адамның өміріндегі кездесетін кедергілерді жеңуі үшін рухани күштерінің, қабілетінің және білігінің дамуы;әлеуметтік және табиғи салаларға бейімделу жағдайларында мінез бен моральдық жауапкершілікті қалыптастыру;тұлғалық және кәсіби өсуі мен өзін-өзі көрсетуді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; интеллектуалды-адамгершілік еркіндікті, жеке автономиясы мен бақытына жетуге қажетті құралдары меңгеру;жекелік шығармашылығын өзіндік дамытуға және рухани потенциалын ашуға жағдай жасау.