Дәріс №4. Тәрбиенің мәні, заңдылықтары мен принциптері. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Тәрбие - теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие мақсатты үдеріс. Тәрбие- біртұтас үдеріс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі үдеріс. Тәрбие- көпжақты үдеріс.Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары. Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге дәстүрлі және инновациялық тұрғыдан қарау. Қарым-қатынасты тәрбиелеу-тұлғалық дамудың үдерісі. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі және қайта тәрбиелеу. Тәрбие түрлері. Авторитарлық, демократиялық, либералды еркін тәрбие. Прагматикалық, аксиологиялық ұжымшылдық, жекелік тәрбие.
Тәрбиенің заңдылықтары: баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл- табиғи заңдылық; баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Тәрбие принциптері: тәрбиенің мақсаттылығы; тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы; жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу; тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету; жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық үдерісінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық үдерісті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық үдеріске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды., яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған ортаны өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әр түрлі іс- әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Тәрбие құралдары. Тәрбие тәсілдері. Тәрбиеформалары. Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерін топтап бөлу. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық рікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация. Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау анкета, ауызша т.б. қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.Тәрбие әдістеріне сипаттама.