Суыту әдісі бойынша араластыру және беттік конденсаторлар болады.

Араласу конденсаторларында бу тікелей сумен беттеседі және алынған конденсат сумен араласады. Мұндай аппараттарда конденсацияны конденсирленетін бу бағалы болмаған жағдайда жүргізеді.
Бұл жағдайда су мен бу арасындағы жылу алмасуды жақсарту үшін, олардың өзара беттесуін бу кеңістігінде суды тамшы, ағын түрінде тарату жолымен арттырады.
Суды, конденсатты және конденсирленбейтін газдарды әкету әдісінен тәуелді аралсу конденсаторларын дымқыл және құғақ деп бөледі.
Дымқыл конденсаторларда су, конденсат және газдар бір дымқыл ауа вакуум-сорғышымен сорылады. Құрғақ немесе барометрлік конденсаторларда су мен конденсат өз бетінше ағуымен жойылады, ал газдар құрғақ вакуум-сорғышпен сорылады.

Беттік конденсаторларда жылу конденсирленуші будан қабырға арқылы алынады. Көбінесе бу басқа жағынан сумен шайылатын немесе ауамен үрленетін түтіктердің ішкі және сыртқы бетінде конденсирленеді. Осылайша алынған конденсат пен суытушы агент конденсатордан бөлек әкетіледі, және конденсат бағалы болса әрі қарай қолданылады.

Беттік конденсаторлар аралас конденсаторларына қарағанда үлкен, сондықтан қымбат және бұған суытушы агент шығыны жоғары болады. Беттік конденсаторлар ретінде әртүрлі типті жылу алмастырғыштар қолданылады, бірақ көбінесе түтікті және себілмелі суытқыш-конденсаторлар жиі пайдаланылады.