Жылу тасымалдағышты таңдап алу біріншіден қажетті қыздыру және суыту температурадан және оны реттеу қажеттігінен тәуелді. Сонымен бірге, өндірістік жылу тасымалдағыш оның аз массалық және көлемдік шығынында жылу алмасудың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етуі керек. Сәйкесінше оның тұтқырлығы төмен, тығыздығы, жылу сыйымдылығы, бу түзу жылуы жоғары болуы керек. Жылу тасымалдағыш жанғыш емес, улы емес, термиялық тұрақты, жылу алмастырғыш материалына әсер көрсетпейтін және қол жетерлік, арзан зат болуы керек.

Кең қолданылатын қыздырушы агент болып су буы табылады. Бұл оның жылу тасымалдағыш ретінде артықшылығымен түсіндіріледі. Будың конденсациясының нәтижесінде будың салыстырмалы аз шығынында көп мөлшерде жылу алынады, себебі оның конденсация жылуы .8-104 н/м2 (1 ат) қысымда шамамен 2.26-106 дж/кг (540 ккал/кг) құрайды. Конденсирленетін будан жылу алудың жоғары коэффициентінің нәтижесінде жылудың тасымалдануына бу жағынан кедергі төмен болады. Бұл жылу алмасудың аз бетінде қыздыру үрдісін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаныққан будың маңызды артықшылығы болып оның конденсациясының (берілген қысымда) тұрақты температурасы табылады, бұл қыздыру температурасын дәл ұстауға мүмкіндік береді, сонымен бірге қыздырушы будың қысымын өзгерте отырып оны реттеуге болады.

Бу конденсатының жылуын қолданғанда қыздырушы бу құрылғыларының пайдалы әсер коэффициенті жоғары. Бу сонымен бірге жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптарды (жеткіліктігі, өртке қауіпсіздігі) қанағаттандырады.
Су буының негізгі кемшілігі – температураны жоғарылатқанда қысымның жоғарылауы. Осының салдарынан, қаныққан су буымен қыздырудағы температура әдетте 180-190 °С аспайды, бұл жағдайда қысым 10-12 am. Үлкен қысымда қалың қабатты және қымбат бағалы жылу алмастырғыш аппарат қажет, сонымен бірге коммуникация және арматура шығындары жоғары.