Дәріс 2 Тақырыбы: Гидромеханикалық процестер. Гидравлика, гидростатика және гидродинамика негіздері



бет5/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,76 Mb.
#127159
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 11

Ыстық сумен қыздыру

  • Ыстық сумен қыздыру
  • Ыстық су қыздырушы агент ретінде қаныққан су буымен салыстырғанда кемшіліктері бар. Ыстық судан жылудың алыну коэффициенті басқа сұйықтар сияқты конденсирленген будан жылу алу коэффициентіне қарағанда төмен. Сонымен бірге, ыстық судың температурасы жылу алмастырғыштың бетінде төмендейді, бұл қыздырудың біртектілігін нашарлатады және оны реттеуді қиындатады. Ыстық суды отын газдармен қыздырылатын су қыздырушы қазандықтарда және бу су қыздырғыштарында (бойлерде) алады. Ол әдетте 100 °С-ден жоғары емес температураға дейін қыздыру үшін қолданылады. 100 °С жоғары температура үшін жылу тасымалдағыш ретінде артық қысымдағы суды қолданады. Сумен қыздыру үшін қыздырудың циркуляциялық жүйелері қолданылады.
  • Кейбір жағдайларда қыздыру үшін су буының конденсатын қолданады.

Отын газдармен қыздыру

  • Отын газдармен қыздыру
  • Түтіндік немесе отын газдар ертеден қолданылатын қыздырушы агенттер қатарына жатады. Отын газдар қазіргі уақытқа дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ, себебі ол жылу алмастырғышта аз артық қысымда 1000-1100 °С жоғары температураға дейін қыздыруды жүргізуге мүмкіндік береді. Отын газдар басқа қыздырушы агенттерді – аралық жылу тасымалдағыштарды қабырға арқылы қыздыру үшін қолданылады.
  • Отын газдардың кемшіліктері: жылу алмасу үрдісінде газды суытумен негізделген қыздырудың біртексіздігі, қыздыру температурасын реттеу қиындығы, газдан қабырғаға жылу беру коэффициентінің төмендігі [35-60 вm/(м2град)артық емес], қыздырылушы материалдың отынның толық жанбау өнімдерімен ластану мүмкіндігі.

Отын газдардың меншікті жылу сыйымдылығының төмендігінен олардың көлемдік шығыны жоғары және оларды тасымалдау үлкен шығынды тудырады. Сондықтан отын газдарды әдетте оларды алған жерде бірден қолданады.

  • Отын газдардың меншікті жылу сыйымдылығының төмендігінен олардың көлемдік шығыны жоғары және оларды тасымалдау үлкен шығынды тудырады. Сондықтан отын газдарды әдетте оларды алған жерде бірден қолданады.
  • Отын газдарды қатты, сұйық немесе газ тәрізді отынды пештерде жағу арқылы алады. Арзан және тиімді отын болып табиғи газдар табылады. Сонымен бірге, қыздырушы агенттер ретінде химиялық және басқа өндірістердің газдарын қолдану мақсатты, мұндай газдардың температурасы жоғары және кейде 500- 600 °С жетеді.
  • Отын газдармен қыздыру пештерде өтеді. 4 суретте газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін сұйық өнімдерді қыздыру үшін түтікті пештер қолданылады. Жанғыш газ жанғыштың соплосынан шығып, ауаның қажетті мөлшерін инжектрлейді, онымен араласып, отқа тұрақты материалдан жасалған кеуекті панель арқылы жылжыйды. Жану жалынның болмауында сәулеленуші панель бетінде өтеді. Мұндай жандырғыштар жалынды емес деп аталады.
  • СУЫТУШЫ АГЕНТТЕР,
  • СУЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ КОНДЕНСАЦИИ
  • Қалыпты температураға дейін суыту
  • Қалыпты температураға дейін (10-30 °С) суыту үшін қол жеткізерлік және арзан суытушы агенттер – су және ауа кеңінен қолданылады. Ауамен салыстырғанда су үлкен жылу сыйымдылықпен, жылу берудің жоғары коэффициентімен ерекшелінеді және суытуды төмен температураға дейін жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Суытушы агент ретінде өзен, көл, артезиан (жер асты құбырларынан алынатын) сулары қолданылады. Егер жергілікті жағдайда су жеткіліксіз және оны тасымалдау үлкен шығындармен байланысты болса, онда суытуды жылу алмастыру құрылғыларында қолданылған суытушы су - қолданылған сумен жүргізеді. Бұл суды ашық басейіндерде бөліктеп буландыру арқылы немесе градирлерде ауа ағынымен араластыру жолымен суытады және оны қайтадан суытушы агент ретінде қолдануға бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет