Дәріс №2 топырақтану жəНЕ топырақ туралы ғЫЛЫМ топырақ ТҮзілу процесі 1 Үгітілу және топырақтың түзілуі


Топырақ түзілу процесінде биологиялық



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата10.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#136059
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2. Тема 2

2.5. Топырақ түзілу процесінде биологиялық
экологиялық факторлардың рөлі 
Экологиялық пəндер қатарына жататын топырақтану ғылымының 
қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Өйткені топырақтың экологиялық 
қызметі алуан түрлі жəне оның экосистемалар мен жер 
биосферасында атқаратын қызметі ерекше маңызды. Топырақтың 
жалпы жəне ең басты бірінші экологиялық қызметі 

жер бетіндегі 
тіршіліктің табиғи ортасы болып, тірі ағзалардың, жан-
жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасауы болып санала-ды. 
Топырақтың ғажайып ерекшелігі – оның бойында тіршілік ететін 
ағзалардың өте тығыз орналасуы. Сонымен бірге құрлық 
өсімдіктерінің жəне жануарларының түрлері сулы ортаны мекен-
дегендерге қарағанда көп басым. Осы салыстырулар атмосфераға
гидросфераға жəне литосфераға қарағанда, топырақ құрылымы 
жағынан жоғары дəрежеде дамыған тіршілік ортасы екенін 
дəлелдейді. Топырақта əрі қатты əрі сұйық, əрі газ бөліктерінің 
болуы осында жайғасқан ағзалардың тіршілігіне қажетті, қолайлы 
жағдай 
туғызады. 
Топырақтың 
бойындағы 
органикалық-
минералдық заттар автотрофты, гетеротрофты ағзалар мен ацидо-
фил жəне алкофилдердің дамуына оң əсерін тигізеді. Топырақтың 
екінші маңызды экологиялық қызметі 

құрлық биогеоценозында 


өтіп жататын геологиялық жəне биологиялық заттар мен энергия 
айналымдары сыбайластығының орталық буыны болуы. 
Фотосинтез арқылы түзіліп жиналған органикалық зат-тар 
топырақта минералды затгарға ыдырап, қайтадан тіршілік 
сатысының құрамына қосылады. Топырақтың осы қызметімен оны 
құрамындағы ағзалар жəне өсімдіктер фотосинтезі қосылып, оның 
биологиялық өнімділігінің негізін жасайды. Сөйтіп жер үстіндегі 
тіршіліктің кезекті сатысының жүруінің негізі болады. 
Ауылшаруашылығы 
тұрғысынан 
қарағанда 
топырақтың 
экологиялық өнімділікті, яғни өсімдіктердің өнімін қалыптастыруға 
«жағдай жасауы, оның құнарлығы болып есептелінеді. Топырақтың 
құнарлылығы оның келесі басты экологиялық қызметі болып са-
налады. Өйткені адамдар өміріне азық-түліктің барлығы дерлік жəне 
өндіріске қажет көптеген шикізаттар топырақтың құнарлығы арқылы 
алынады. Топырақ басқа да көптеген экологиялық қызметтер атқарады. 
Оларға: ағзаларды сумен қамтамасыз етуі, атмосфера жəне жерасты 
суымен келген заттарды сіңіруі, өсімдік тұқымдарын сақтауы, 
гидротермалды өктем құбылыстарды бəсеңдетуі, топырақтағы тірі 
ағзалардың саны мен құрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму 
тарихының айғағы ретінде өз кескінінде қалдықтарды жинақтап 
сақтауы жатады. Қорыта келгенде, топырақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет