11-сурет.
Топырактың Жер геосферасында
алатын орны.
12-сурет.
Yлкен геологиялық зат айналымның жал-
пы сызбанұсқасы (В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988)
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен
геологиялық жəне кіші биологиялық айналымы өтеді.
Биологиялық
кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау
жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен
коректік элементтер
алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар
түзіледі. Əр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық
қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп,
топыраққа қайтып
оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нəтижесі
–
қоректік
элементтер топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында
27
шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен
заттар айналымы жер қойнауындағы жəне жер бетіндегі тау
жыныстарының
өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен
теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нəтижесінде
борпылдақ үгітілу қабаты құралып; топырақтың түзілу
процесінің
негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы
байланыс топырақ арқылы өтеді.
Топырақтың тағы бір функциясы
–
ол ауа жəне су сферасының
химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер
тотыққан көмірді сіңіреді де, көміртегі тотығынан құралатын
органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен
тамырлары СО
2
көміртегі тотығын жəне
судан келетін сутегін
пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О
2
бөліп
шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық
құбылыстар реттеледі. Топырақ
Достарыңызбен бөлісу: