Топырақ ҚҰнарлығы дәрістің мақсаты



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі31,19 Kb.
#52114
  1   2   3   4
Байланысты:
Топырақ құнарлығы№ 10


ДӘРІС 10
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫ


Дәрістің мақсаты: Топырақтың құнарлығын анықтау жіне топырақтың құнарлығының түрлерін, жағдайлары мен элементтерін білу.
Кілтті сөздер: құнарлқ, гумус, потенциалды, эффективті, дифференциалды
Сұрақтар:

  1. Құнарлыққа анықтама.

  2. Құнарлық түрлері.

  3. Топырақ құнарлығының төмендеу заңы.

1. Өсімдік өніп-өсуіне қажетті факторлар (ауа, жылу, физика-химиялық орта, су, қоректік элементтер мен т.б. жағдайлар) және оларды қалыптастыратын топырақ қасиеттері кешенін құнарлылык деп атайды. Адамзат топырақтың құнарлығына ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялық негізі бірден салынған жоқ. Д Прянишников келтірген Тэер пікіріншс «Топырақ құнарлығы түгелімен қара шіріндіге байланысты, суды есептемегенде, қара шірінді өсімдік үшін басты қоректік зат». Соңдықтан көң төгу, ауыспалы егіс ентізу, тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қара шірінді мөлшерін қөбйтуге арналғаны керек деген.
Тэердің ңқоректік қарашіріндің теориясын кейін Ю. Либих «Химияны егіншілік пен физиологияға қолдану» (1840 ж.) еңбегінде жоққа шығарып, өзінің ңминералдық қорекң туралы теориясын ұсынған. Ю. Либих пікірінше қандай да болмасын өсімдік топырақ құрамынан өзіне керек қоректік заттарды тек минералдық түрінде сіңіріп отырады да, біраз уақыт өткен соң топырақтың осы басты қасиетін тұрақтандыру үшін өсімдіктер сіңірген минералдық заттар мөлшерін топыраққа тыңайтқыштар арқылы қайтару керек деген. Либихтын бұл теориясы кейін қоректік заттарды ңкері қайтару заңың дәлінген. Топырақ құрамында қоректік тек бір элемент тапшы болса, қалған элементтер канша мол мөлшерде болмасын, өнім жоғарыламайды, яғни өсімдік өнімі тікелей топырақ ортасындағы тапшы элемент мөлшеріне тәуслді. Бұны «Минимум заңы» деп атады. Топырақ кұнарлығына Либих тек қоректік заттар құбылымы тұрғысынан қараған жоқ. Керісінше, өсімдік өніміне көп жағдайлар әсер ететіні туралы мына: ңқұрлықтың географиясына, теңіз деңгейінен жоғары биіктітіне, жылдық жауын-шашын мөлшеріне, орташа айлық-жылдық жылулыққа, топырақтың физикалық химиялық және геологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керекң деген пікір айтқан. Либихтың ңкері қайтару заңынаң ғылым мен тәжірибе кейін біраз түзетулер еңгізумен, топырақ құнарлығын сақтауда оның атқарған рөлі үлкен болды. К. Тимирязев «кері қайтару» заңының ңілімдік маңызын қанша төмендетуге тырысқанымен, ол ғылымдағы ұлы жетістіктердің бірі болып саналадың деген. Либих пікірінше, минералдық қоректік заттар көзі толырақ болғандықтан, құнарлықты зерттеу оның ерітіндісіндегі заттар мөлшерін анықтауға негізделген. Бұл пікірдің терістігін Я. Линовский мен П. Костычев көрсеткен. 1880 ж. Д. Менделеев «кері қайтару заң» теориясын батыл сыңаған. Топырақ құнарлығына Ресей ғалымдары XVІІІ ғасырдан бастап көңіл аударған (Болотов, Комов, Павлов, Радищев). XІX ғасырдың 40-шы жылдарына дейін Ресей агроғылымында қара шірінді, кейін минералды қорек теориясы қолдау тапты.
Агротопырақтану ғылымы негізін салушы профессор П. Костычев топырақтану пәнінің мақсаты — «Топырақ қасиеттерін өсімдіктер тілегіне сай зерттеу» деп тұжырымдаған. Ол өз еңбектеріңде құнарлылық-топырақтың күрделі қасиеті, бірақ оны нақтылы анықтау әдістері жок, деген және себептерін керсеткен, яғни:
- Өнім мен топырақтағы қоректік элементтер санды мөлшерінің байланысы жоқтығы;
- Топырақ құнарлылығын химиялық әдістермен нақтылы анықтау қыйын, ол үшін химиялық талдау әдістері жетілмеген;
- Өсімдіктер өніп-есуі мен дамуы топырақтың химиялық құрамы мен қатар физикалық қасиеттеріне тәуелді;
- Өсімдік дамуына ауа райы да үлкен ықпалын титізеді, бірақ оның әсерін есептеу өте қыйын деген.
Осы себептерге байланысты топырақ құнарлылыгғын бағалау ңжанамалың деген ғалым Костычев, өзінің бүкіл ғылыми еңбектерін топырақ құралудың биологиялық негіздеріне және оның құнарлылығын көтеру әдістерін іздеуге арнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет