Дәріс 2 заманауи оқыту технологияларының негізгі сапалары және олардың жіктелуі


Онда оқу үдерісінің моделі параметрлік тапсырмасы түрінде болады



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі23,69 Kb.
#74074
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 2

Онда оқу үдерісінің моделі параметрлік тапсырмасы түрінде болады.
1-ші параметр - мақсатты тұжырымдау ( оқу-тәрбие үдерісіне мақсат қойылуы және кіші мақсаттар жүйесі түрінде оның бағыттылығы).
2-ші параметр - диагностикалау (мақсатқа жету немесе жетпеу фактілер туралы басқару ақпаратының болуы).
3-ші параметр - мөлшерлеу (диагностиканы жеткілікті өту үшін, оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ерекшеліктері, көлемі, сипаты туралы мазмұнды және сапалық ақпарат береді).
4-ші параметр - логикалық құрылым (оқытушының әдістемелік ойын оқу үдеріснің тұтас және логикалық-көрнекілік моделіне аударады). Осы параметрмен жұмыс жасау технологиялық және педагогикалық шеберліктің шыңы болып табылады. Бұл оқу үдерісі құрылымының тек суреті ғана емес, арнайы жасалатын жұмыс аймағы, бұнда барлығы технологиялық түрде болып белгілі амалдар бойынша оңтайланып жақсаруы мүмкін.
5-ші параметр - түзеу (педагогикалық кемшіліктер туралы мәлімет береді, яғни диагностикадан өтпеген оқушы және түзеудің әдістемелік жолы туралы).
Педагогикалық технологияларда педагогикалық жүйелердің барлық параметрлерінің үйлесімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиісті. (егер бір параметр, мысалы мақсат өзгерсе, онда басқаларыда өзгереді - формалары, әдістері, құралдары).


2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Педагогикалық технологиялардың жіктеулері (классификациялары) олардың көп түрлілігі мен көптеген аспектілерін, сонымен қатар «педагогикалық технология» түсінігіне авторлардың сан алуан анықтама беруін көрсетеді.


Педагогикалық технологиялардың жіктеулері Г.К.Селевконың еңбектерінде толықтай келтірілген, дегенмен автордың технология ретінде барлық педагогикалық жүйелерді қарастырған әрекеттері айтарлықтай даулы. Сонымен қатар қолда бар технологиялардың кез келген жіктеулері айтарлықтай шартты болып табылады, себебі таңдалған негіздемелерге байланысты әр түрлі жіктерге жатқызуға болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет