Дәріс 2 заманауи оқыту технологияларының негізгі сапалары және олардың жіктелуі



бет3/3
Дата14.03.2023
өлшемі23,69 Kb.
#74074
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 2

Қолдану деңгейі бойынша:

  • жалпы педагогикалық;

  • жеке әдістемелік;

  • локальдық (модульдік) технологиялар.




  1. Философиялық негіз бойынша:

  • материалистік және идеалистік;

  • диалектикалық және метафизикалық;

  • ғылыми таным және діни;

  • гуманистік және антигуманистік.




  1. Психологиялық дамуының алғашқы факторлары бойынша:

  • биогендік;

  • социогендік;

  • психодендік;

  • идеалистік.




  1. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша:

  • ассоциативті-рефлекторлық;

  • интериоризаторлық;

  • дамытушылық.




  1. Тұлғалық құрылымға бағытталуы бойынша:

  • ақпараттық (пән бойынша білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру);

  • операциондық;

  • эмоционалды-көркемдік және эмоционалды-адамгершілік;

  • өзін-өзі дамыту;

  • эвристикалық (шығармашылық қабілетін дамыту);

  • қолданбалы.




  1. Құрылымы және мазмұны бойынша:

  • оқыту және тәрбиелеу;

  • діни;

  • жалпы білім беру және кәсіптік-бағдар;

  • технологиялық және комплекстік.




  1. Таным әрекетін басқару және ұйымдастыру бойынша:




  1. Балаға бойынша:




  • авторитарлық;

  • ынтымақтастық технологиясы;

  • тұлғалы-бағыттық.




  1. Әдістердің артықшылығы бойынша:




  • бағдарламалық оқыту;

  • түсіндірмелі-көрнекілік;

  • дамыта оқыту;

  • ойындық;

  • проблемалық ізденушілік.




  1. Дәстүрлі жүйеде модернизация бойынша:

  • балалар әрекетін белсендіру негізінде (В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассованың коммуникативтік оқытуы және т.б.);

  • Педагогикалық технологияны ұйымдастырудың және басқарудың тиімділігі негізінде (В.В.Фирсов, Н.П.Тузикттің дифференциалды оқыту технологиясы, А.С.Границкая, Унт және т.б. оқытудың жеке технологиясы);

  • Педагогикалық технология оқу материалын дидактикалық қайта құру және жетілдіру негізінде (М.В.Воловичтің ақыл-ой әрекетттін қалыптасттыру теориясын жүзеге асыру технологиясы);

  • Альтернативтік (Р.Штейнердің вольдорфық педагогикасы, С.Френстің еркін еңбек технологиясы);

  • Авторлық мектептер жүйесіндегі технологиялар: А.Н.Тубельский «Школа самоуправления», И.Ф.Гончаров «Русская школа», М.Балабан «Школа-парк»;

  • Қарым-қатынас гуманизациясы және демократизациясы негізінде (Я.А.Коменскийдің дәстүрлі класс-сабақ жүйесі).

  1. Оқушылардың категориясы бойынша:




  • массалық технология;

  • қиын балалармен жұмыс технологиясы;

  • дарындылармен жұмыс технологиясы;

Бұлардың ішінде ең көп тарағаны қазіргі заманғы оқыту технологияларының барлығын олардың мақсатты бағыттарына қарай екі үлкен топқа бөлу болып табылады. Олар: пәндік-бағдарлық технологиялар және жеке-бағдарлық технологиялар.


Жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру, оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет