Дәріс 3 Құрылыстағы өлшемдік модульдік координациясы туралы жалпы мәліметтер


оқу орындары (балабақша, мектеп және т.б.)



бет4/8
Дата16.10.2023
өлшемі3,51 Mb.
#116082
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дарис 3

оқу орындары (балабақша, мектеп және т.б.);

емдік-сақтандыру (емханалар, ауруханалар, емдеу-сауықтыру орны);

мәдени-ағарту (клубтар, театрлар, музейлер);

сауда-коммуналдық (дүкендер, асханалар, кір жуу орындар);

көлік және байланыс (вокзалдар, байланыстар түйіндері, теледидар орталықтары);

мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды орналастыру үшін әкімшілік ғимараттар.

Қоғамдық ғимараттарды жоспарлаудың келесі сұлбалары болады:

анфиладты – музейлерде, галереяларда, әмбебап дүкендерінде қабылданатын бөлмелердің кезекті орналасуы;

дәлізді – дәліздің бір немесе екі жағы бойынша бөлмелердің орналасуы; мұндай жоспарлау әкімшілік, оқу орындары, емдік-сақтандыру және басқа ғимараттарда тиімді;

залды (шоғырлас) – айналасына қосымша бөлмелер орналасқан залы бар ғимараттар үшін сипатты; мұндай шешімді кинотеатрлар, цирктер және басқа ұқсас ғимараттарда қолданады;

аралас – жоғарыда қарастырылған жоспарлау сұлбаларының үйлесуі болып табылады (мысалы, клубтың жоспарлануы – залдың айналасына орналасқан бөлмелердің орналасуы – шоғырлас, фойе, залдың орналасуы – анфиладты, үйірме жұмыстары бөлмелерінің орналасуы – дәлізді).

Қоғамдық ғимараттардың функционалдық сұлбалары

Қоғамдық ғимараттардың жобаларының негізгі көрсеткіштері:

Жұмыс ауданы – бар бөлмелердің барлық аудандарының қосындысы; Жалпы аудан – жұмыстық бөлмелердің аудандарының және дәліздердің, тамбурлардың, өтулердің, техникалық мақсатты бөлмелердің аудандарының қосындысы; Құрылыс ауданы – жергілікті жерде ғимарат алып жатқан аудан; Жерүсті бөлігінің құрылыстық көлемі – құрылыс ауданының таза еден деңгейінен шатырлы жабынның жоғары бетіне дейінгі биіктікке көбейтіндісі.

Құрылыс физика негіздері. Құрылыстық жылу техникасы

Бөлмелердің температуралы-ылғалдық режимінің, дыбыс изоляциясының және жарықтандырудың сұрақтарымен құрылыстық физика айналысады. Оның құрамына кіреді: – құрылыстық жылу техникасы; – құрылыстық акустикасы; – құрылыстық жарық техникасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет