Төменде келтірілген алкендерді атаңыз. Олардың ішінен белгіленіз: 1) бірдей 2) қос байланысының орналасуымен ерекшелінетін құрылыстық изомерлер 3) көміртек қанқасының әртүрлі құрылысы бар құрылыстық изомерлер:
Қосылыстардың құрылымдық формуласын жазыңыз және халықаралық номенклатура бойынша атаныз: а) трет-бутилэтилен; б) тетраэтилэтилен; в) симм-диизопропилэтилен; г) несимм-пропил-втор-бутилэтилен; д) триметилэтилэтилен.
C6H13Br қосылысы сілітінің спирт ерітіндісімен қыздырғанда қосылыс түзеді. Ол қосылыс қатты тотықтыру кезінде ацетон мен пропион қышқылына айналады. Бастапқы бромды қосылыс қандай құрылымды болуы мүмкін?