Дәріс №3 Тақырыбы: Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі



Дата05.02.2023
өлшемі5,83 Mb.
#65221

Тақырыбы: ҚР-дағы жерлерін аймақтарға бөлудің түсінігі және түрлері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жерді аймақтарға бөлудің теориялық негіздері
2 Аумақтарды аймақтарға бөлу
Аймақтарға бөлу
- жер аумағын оның нысаналы мақсатымен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.
– жерді тиімді, ұтымды, нысаналы мақсатқа сай пайдалануда, жерге салынатын салықтың мөлшерін анықтау мен жерлерді бағалауда қолданылады.
Аймаққа бөлу коэффициенті (К айм) – салық салу объектісінің елдiмекенде орналасуын есепке алатын коэффициент, жергіліктi атқарушы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленеді.
    • елдің аумақтық бәсекелік артықшылықтарын іске асыру және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кеңістіктік дамуының көрінісін және аумақты оңтайлы ұйымдастыру жүйесін қамтитын қала құрылысы жобасы.

Бас жоспар
    • аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы

Елді мекеннің бас жоспары
    • елдің табиғи ресурстары мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланудың, геосаяси жағдайларды, жаһандық сын-қатерлер мен уақыт қатерін, шектес мемлекеттердің аумақтық және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын ескерудің негізінде елдің аумақтық құрылымын жетілдірудің жалпы стратегиялық қағидаттары мен бағыттарын анықтайтын басты қала құрылысы құжаты болып табылады.

Бас жоспар
Бас жоспар Қазақстан Республикасын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыруды қала құрылыстық қамтамасыз ету үшін әзірленеді.
  • Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы;
  • Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды жоспарсы;
  • Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары;
  • Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама.

Аймақты қалыптастыру кезінде негізгі есепке алу бірлігі ретінде кадасрлық квартал алынады. Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары 3 кезеңмен жүргізіледі

Аймақтарға бөлу жобасын рәсімдеу, келісіп бекіту. Аймақтарға бөлу жобасы елді мекеннің әкімшілік бағынылуына байланысты бекітіледі:
  • аудандық маңызы бар қалалар , кенттер мен ауылдық елді мекендерді – аудандық атқарушы орган;
  • облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалаларды – облыстық, республикалық маңызы бар және астананың атқарушы орган [20].
  • қаласы жерлерін аймақтау каланың 1:25000 масштабтағы кадстрлық картасы негізінде жүзеге асырылды.

Кадастрлық карта бойынша жер кадастрлық кварталдар аумағының шегінде бөлінген әлеуметтік экономикалық жағдайлары мен өндірістік шаруашылық мамандандыру әкімшілік аумақтық құрылымының рөліне байланысты:
  • селитебтік аймақ;
  • қоғамдық - іскерлік аймақ;
  • өнеркәсіптік аймақ;
  • инженерлік және көлік құрылымдарының аймағы
  • Санитарлық - қорғау аймақтары мен рекреациялық аймақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет