Халбаева шынар нигматуллаевна



бет1/4
Дата21.01.2023
өлшемі102,01 Kb.
#62200
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлау – сабақты сапалы ұйымдастырудың кепілі
Максим Горький атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
ХАЛБАЕВА ШЫНАР НИГМАТУЛЛАЕВНА
ҚМЖ не үшін қажет?
ҚМЖ жасауда қандай қиындықтар туындады?
ҚМЖ жасау – кішігірім ғылым.
ҚМЖ жасаудағы маңызды қағидалар:
  • Сабақ мақсатын дұрыс қоя білу.
  • Саралап оқытуды дұрыс жүзеге асыру.
  • Бағалауды дұрыс жоспарлау.
  • Тапсырмаларға қажетті әдіс-тәсілдерді жүйелеу.

Саралаудың түрлері:
Мақсат бойынша саралау
Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.
Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.
Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) 
Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
Нәтиже немесе жауап бойынша саралау
Тәжірибеде саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
Бұл тәсіл оқушыдан дербес шығармашылық пен жеке жауап күтілетін ашық типтегі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Аталған саралау жұмысының артықшылығы – оқушыларды тапсырма ұсынбас бұрын топтау талап етілмейді.
Кемшілігі - қабілеті төмен оқушылар үшін тиімсіз және мұндай оқушылар қажетті деңгейге қол жеткізбеуі мүмкін. Алайда мұғалім барлық оқушылар үшін міндетті деңгей нұсқауларын түсіндіріп, критерийлерді нақтыласа, аталған күмәнді жоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет