Дақтар (теңбілдер) мен некроздар. Өсімдіктердің жапырақ пен сабағының, жемісі мен дәнінің, бұршақ қынапшаларының, бұта қабықшаларының ауруға шалдығуынан оларда алуан түрлі дақтар немесе теңбілдер пайда болады. Дақтардың үстінде үлпілдеген жұқа өңез немесе өсімдіктің жабынды ұлпасы астында споралану мүшелері түзілсе, оны саңырауқұлақтар қоздырғаны. Дақтар мен некроздар үстінде мөлтілдеген қоймалжың, түссіз неме-се сарғыш тамшылар байқалса, аурудың бактериядан туындағаны.
Пустулалар (күлдіреуіктер).Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерінің сырт қабықшасы астында саңырауқұлақ жіпшелері шоғырланып, онда ауру қоздырғышының споралары түзіледі. Соңғылары пісіп жетілген кезде эпидермис жыртылып, инфекция ауаға таралады. Мамандануы мен талғампаздығы жоғары келетін Uredinales қатарына жататын тат саңырауқұлақтарының өсімдік жапырақтары мен басқа мүшелерінде паразитті тіршілік ету нәти- жесінде оларда пустулалар түзіледі.