1.Өсімдік ауруларының жіктелуі немесе негізгі топтары.
Өсімдік ауруы дегеніміз патогенді ағзалардың әсерінен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан, механикалық жарақатта- нудан және т.б себептерден туындайтын, жасушалар мен ұлпалар, өсу және жыныс мүшелерінде байқалатын анатомиялық және физиологиялық өзгерістер. Өсімдік ауруларының негізгі бір ерек- шелігі - теңбілдену, шіру, солу, таттану, қаракүйе түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы. Фитопато- генді ағзаларға тән бір қасиет - гетеротрофты қоректену, яғни олардың тіршілік ететін ортасында дайын органикалық заттардың болуы. Паразиттердің тіршілік ету қабілеттілігі зат алмасу ерекше- ліктеріне тығыз байланысты келеді. Олар гетеротрофты қоректе- неді, яғни ие-өсімдіктің жасушыларындағы дайын органикалық қосылыстарды өзіне қоректік зат ретінде пайдаланады.
Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдіктің жеке мүшеле- рінде неше түрлі патологиялық өзгерістер туындайды. Олардың жасушалары мен ұлпаларында анатомиялық, цитологиялық, физио- логиялық және биохимиялық өзгерістер байқалады. Аталған өзгерістер бойынша ауру белгілері төмендегі топтарға жіктеледі.
Шіру. Су мен қоректік заттарға бай өсімдіктердің жемістері, тамыр-жемістері, түйнектері, шырыны мол сабақтары шіруге өте бейім келеді. Бактериялар мен саңырауқұлақтардың паразитті тіршілігі әсерінен жасушалар арасындағы қабықша еріп, ұлпа шырыш тәріздес қоймалжың затқа немесе ұнтақтарға айналады, жөкеге ұқсас талшықтарға тарамдалады. Қызбаған топыраққа ерте егілген тұқым мен одан өніп шыққан жас өскіндердің тамыршалары және төменгі буынаралықтары шіруге жиі ұшырайды. Мәдени дақылдар шіруінің негізгі себепкерлері топырақта тіршілік ететін, паразитті мамандануы жете қалыптаса қоймаған саңырауқұлақтар мен бактериялар.
Солу. Тамыр жүйесінде және сабақта саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілік етуіне байланысты су мен қоректік заттарды өткізетін түтікшелер бітеліп, өсімдіктердің өсуі баяулай- ды. Алғашқы кезде ауру белгілері ауа температурасы жоғарылап,
күн қыза бастаған кезде байқалып, кешке қарай өсімдіктер қалпына келуі мүмкін. Кейде қатты өршіп, кеселге шалдыққандары біртін- деп немесе тез арада солып қалады. Көпшілік жағдайда паразитті ағзалар тіршілігі нәтижесінде ұлпаға улы заттар бөлініп, өсімдік жылдам солады. Бір жылдық дақылдар және шөптесін өсімдіктер- мен қатар, көпжылдық жеміс ағаштары да шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |