Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты


Жасуша шырыны және фермент жүйелері



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дәріс 5-6 1

Жасуша шырыны және фермент жүйелері. Әр түрлі фер- менттер әсерінен ауруға шалдыққан өсімдік жасушалары прото- плазмасының физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді. Плазмалардың өткізгіштік қасиетінің артуына байланысты бейорга- никалық тұздар мен органикалық қосылыстардың экзоосмосы жоғарылайды. Өсімдік патогендері жасуша протоплазмасының өткізгіштік қасиетіне әсер ететін арнайы заттар бөліп шығарады, сол арқылы ие-өсімдіктен өзіне қажет қоректік заттарды алады. Патогенді ағза фермент жүйелеріне, әсіресе протоплазмаға әсер ететін, соның нәтижесінде оның ыдырауын тездететін зәрлі заттар бөліп шығарады. Ол жасушаларға әсер етеді, ұлпадағы пластид- тердің мөлшері ұлғайып, ядролар кішірейеді. Ауру жайлаған өсім- дік мүшелерінде зат алмасуының бұзылуы салдарынан қуат қорын жинақтайтын жаңа органоидтар түзіледі.

Су тасымалдануы. Аурулар салдарынан өсімдіктің өсуі және жыныс мүшелеріндегі су мөлшері төмендейді. Бұның басты себебі жабынды ұлпаның жарақаттануы немесе зақымдануынан су тасы- малдануының ұлғаюы және тамыр жүйелері мен өткізгіш түтікшелер жолдарының бітелуі. Сонымен қатар, фитопатогенді ағзалар бөліп шығаратын улы заттар мен ферменттер әсерінен су түтікшелеріне жақын орналасқан жасушалардағы пектин заттары ыдырайды. Осының салдарынан өсіп келе жатқан өсу және жеміс мүшелеріне судың тасымалдануы нашарлайды, өсімдік ұлпаларының суды ұстау қабілеті төмендейді. Тамыр жүйелері мен су жүргізетін түтікшелердің зақымдалуынан ысырапсыз су айналымы орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет