Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады.
Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.
Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.
Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:
Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады.
Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді.
Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:
Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер:
Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау).
Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.