5. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері Сөз қолдану әдісі 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Жаттығуш-дың әрекет-ін басқаруға пайда-ды.
3. Талдау, бағалау әдістері. әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.
Көрнекі ықпал ету әдісі. 1. Көру көнекілігі әдістері.
2. Есту көрнекілігі әдістері.
3. Қимыл көрнекілігі әдістері.
1. Көру көнекілігі әдістеріне жататындар: Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсырмасымен оқушының көрсетуі. Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар.
Суреттер, плакаттар
фотолар, Кино
видеотаспалар
бейне көріністер.
2. Есту көрнекілігі әдістері. Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және көру
Мысалы (сөрелік тапаншамен ату, мәреден жүгіріп өткен спортшыларды фотаға түсіру т.с.с)
Ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі.
3. Қимыл көрнекілігі әдісі екі түрде орындалады: 1. Қозғалыс туғызар дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру (мысалы, конькимен жүгірушінің жартылай отыруын орындап сезіну);
2. Қозғалысты еріксіз орындату (мысалы, допты немесе гранатты лақтыру кезіндегі қолдың атқаратын жұмысын оқытушы ұстап, орындатып көрсетеді), тренажерларды қолдану, олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау.