Тұтас
Бөлшектеп
- Қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде.
- Дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен жаттықтыру сабақтарында.
- Қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізінің сапасы болмайтын жағдайда.
- Бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
- Жаттығуды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде
қимыл- әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды.
3. Дене қуатының қасиеттерін дамыту әдістері жүктеме мен тынығудың түрлерін ұштастыру қолданылады.
Жүктеме
Жүктеме дегеніміз- дене тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеме-ң шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты. Жүктеменің көлемі – орындалған дене қуаты жұмысының саны.
Жүктеменің шамасы Жүктеменің көлемі – орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы, 10 минуттық жүгіру, жаттығуды қайталау саны.
Жүктеме қарқындылығы– ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын қарқынды тездете орындау.
Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жылдамдығы (жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу ), спорт ойындарындағы ойын қарқыны.
Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі.
Адам ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:
кіші (жүректің минөтіне 130 ретке дейін соғуы);
орта (жүректің минөтіне 131 – 155 рет соғуы);
үлкен (жүректің минөтіне 156 -175 рет соғуы);
жоғары (жүректің минөтіне 176 -190 рет соғуы);
өте жоғары (жүректің минөтіне 190 - нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.
Дене қуатының қасиеттерін дамыту әдістері Бірқалып ты орындау (стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығу-ы үзбей, ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді