Термодинамикалық температуралық шкала (Кельвин шкаласы) Кельвин (К) градуста градусталған бір – бірімен реперттік нүктеде анықталады, үш нүктелік су, яғни температурада мұз, су және 609Па қысымда термодинамикалық тепе – теңдікте болады. Осы температуралық нүктесі 276,16К – ге тең. Температура Т= 0 К нольдік кельвин деп аталады.
Термодинамикалық температура (Т) және температура (t) халықаралық тәжірибеде мына теңдеу арқылы байланысады:
Т = 273,15+t
Қалыпты жағдай: T0 = 273.15K = 00C, P0 = 101325Па
Қысым тұрақты көлемде температураға тура пропорционал p ~ T.
Тәжірибе жүзінде, көлем мен температура өзгермесе, газ қысымы зат мөлшеріне тура пропорционал өзгереді.
Зат мөлшерінің бірлігі – моль – 0,012кг көміртегі изотопындағы атом 12С қанша болса сонша элемент құрылымынан тұратын жүйе затының мөлшері.
Әртүрлі заттардың бір молінде NА молекула саны бірдей болады, ол Авогадро саны деп аталады.
NA = 6,02·1023 моль–1
Зат мөлшері молекула санының Авогадро санына қатынасымен анықталады:
Заттың бір молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол берілген бір молекуланың массасының Авогадро тұрақтысына көбейткенге тең:
M = NA · m0
Өлшем бірлігі - (кг/моль).
Мұндағы, N – ыдыстағы молекула саны, n = N / V – молекуланың концентрациясы (яғни, ыдыстың бірлік көлемі үшін молекула саны). Осы қатынастарды біріктіре отырып, былай жазуға болады:
мұндағы k – Больцман тұрақтысы деп аталады, ол молекула – кинетикалық теорияның негізін қалаушы австрия физигі Л. Больцманның құрметіне аталған (1844–1906 жж.), ХБЖ мәні:
p = nkT теңдеуін молекула – кинетикалық теорияның негізгі теориясының теңдеуімен салыстыра отырып, былай жазуға болады:
Газ молекуласының бей–берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға тура пропорционал.
Сонымен, температура молекулалардың ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының мөлшері болып табылады.
Әртүрлі газ қоспаларының молекулаларының қалыпты жағдайда жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы бірдей болады. Ыдыстың қабырғасына түсірілетін газдың қысымы, әр газдың парциалды қысымдарының қосындысынан тұрады:
|
p = p1 + p2 + p3 + … = (n1 + n2 + n3 + …)kT.
|
|
|
Мұндағы, n1, n2, n3, …– қоспадағы әртүрлі газдың молекулаларының концентрациясы. Бұл Дальтон заңы болып табылады: газдардың әрекеттеспейтін химиялық қоспасының қысымы олардың парциалды қысымдарының қосындысына тең.
Дальтон заңы
Достарыңызбен бөлісу: |