Дәріс №5. Тақырыбы: Процесс туралы түсінік. Процестерді басқару.
Процестердің жағдайы.
Операциялық жүйенің негізгі функциясы жүйенің аппараттық және программалық
ресурстарының рациональді пайдаланылуы болып табылады. Негізгі ресурстарға:
процессорлар, жады, сыртқы құрылғылар, мәліметтер және программалар.
Есептеу
машинасының жұмысына тікелей әсер ететін операциялық жүйенің негізгі бөлігі
процестерді басқаратын ішкі жүйе болып табылады.
Процесс (немесе басқаша есеп) – программаны немесе операциялық жүйенің
қандайда бір процедураларды орындауға бөлінген жадының виртуальді адрестік кеңістігі.
Операциялық жүйе үшін процесс жұмыс бірлігі болып табылады.
Процестерді
басқарудың ішкіжүйесі процестердің орындалуын жоспарлайды,
яғни процессорлық
уақытты бірмезгілде болатын жүйедегі процестердің арасында бөледі,
сонымен қатар
процестерді құрады және жояды, процестерді қажетті жүйелік қорлармен (ресурстармен)
қамтамасыз етеді, процестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Ядро
— компьютердің ресурстарына қосымша программалардың қол жеткізуін
қамтамасыз ететін, ОЖ орталық бөлігі. Мысалы,
процессорлық уақыт, жедел жады,
сыртқы құрылғылар. Әдетте файлдық жүйенің қызметтеін көрсетеді.
ОЖ ядросында келесі
функцияларды орындау үшін арнайы программалар бар:
Үзулерді өңдеу;
Процестерді құру және жою;
Процестердің бір жағдайдан екіншісіне өтуі;
Процестер арасындағы
байланыстарды ұйымдастыру, соның ішінде процестерді
синхрондау (уақыт үйлесімдендіру)
Енгізу шығару амалдарын орындау;
Жадыны үлестіруді және қайта үлестіруді ұйымдастыру;
Файлдық жүйенің жұмысын қамтамасыз ету;
ЭЕМ және ЕЖ жұмысына байланысты тіркеу жүргізу;
Монолиттік ядро
Монолиттік ядро –
бұл ОЖ ұйымдастыру сұлбасы, ол кезде оның барлық
компоненттері бір программаның құрамдас бөліктері
болып табылады, мәліметтердің
жалпы құрамдарын пайдаланады және өзара процедураларды тікелей шақыру арқылы
байланысады.
Монодиттік ядроның барлық бөліктері бір адрестік кеңістікте жұмыс істейді.