Дәріс №5 Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері



бет6/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#114646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Циклоидтық тип. Жасөспірімдер бала кезінде, гипертимдік типті еске салады, ал 15-17 жасқа келгенде, ашушаңдық пен апатия, сүлесоқтық күй ұлғая түседі. Көңілкүйінің жоғарылауы, айқын депрессиямен алмасып отарады. Олар айналадағы, тіпті сәл жайсыздықты ауыр қабылдайды.

  • Циклоидтық тип. Жасөспірімдер бала кезінде, гипертимдік типті еске салады, ал 15-17 жасқа келгенде, ашушаңдық пен апатия, сүлесоқтық күй ұлғая түседі. Көңілкүйінің жоғарылауы, айқын депрессиямен алмасып отарады. Олар айналадағы, тіпті сәл жайсыздықты ауыр қабылдайды.
  • Лабильдік тип. Бұл типтің көңіл-күйі өте толқымалы, әрі оны болжау мүмкін емес. Көңіл-күйінің күрт өзгеруіне, ең бір елеусіз, мысалы, біреудің байқаусызда айтқан сөзі, себеп болады. Бұл балалардың барлығы сәтсіздіктер мен қолайсыз жағдайлар болмаса да, тұнжырап жүруі мүмкін. Олардың мінез-құлқы мен тәртібі, бір сәттік көңіл-күйіне байланысты. Яғни, олардың бірден гүлденіп кетуі немесе бірден түнеріп қалуы ғажап емес. Мұндай жасөспірімдер, айналадағы адамдардың өз ініп көңіл-күйін көтеруіне мұқтаж, көмектесуіне зәру.

Астениялық тип. Мінез-құлықтың астениялық тұрпаты, невротиялық бұзылулардың негізгі формаларының бірі – неврастенияның дамуына қолайлы жағдай жасайды. өте жоғары ашушаңдықпен, қажығыштықпен және күмәншілдікпен, кірпияздықпен сипатталады. Әсіресе, ауыр ақыл-ой еңбегінде шаршағыштық айқын байқалады.

  • Астениялық тип. Мінез-құлықтың астениялық тұрпаты, невротиялық бұзылулардың негізгі формаларының бірі – неврастенияның дамуына қолайлы жағдай жасайды. өте жоғары ашушаңдықпен, қажығыштықпен және күмәншілдікпен, кірпияздықпен сипатталады. Әсіресе, ауыр ақыл-ой еңбегінде шаршағыштық айқын байқалады.
  • Сензитивті тип. Бұл типке барлық нәрсеге сезімталдық тән: қуантатын, ренжітетін, қорқытатын. Бала кезінде, бұлар көбінесе қараңғылықтан, жалғыздықтан, жан-жануарлардан, бейтаныс адамдардан қорқады. Сырт қарағанда, олар туралы тұйық, ұялшақ адам деп ойлауға болады. Мұндай жасөспірімдер, үлкен топтарды, құмар ойындарын, қимыл-қозғалыс ойындарын ұнатпайды. Олар тек өздеріне етене таныс адамдармен немесе өзінен кіші балалармен, ересек адамдармен ашық қарым-қатынас жасағанда қалайды. Бұл жасөспірімдер тілалғыш, айтқанды екі етпейді, ата-аналарына жақын. Жастық шақта бұл жасөспірімдерде, өз құрбыларының ортасына бейімделуінде қиындықтар туындайды, «толыққанда болмау кешені» орнығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет