Белгілі мемлекет өкілі,қоғам және топтардың (этникалық, әлеуметтік, діндік,саясаттық, жасаралық т.б) мүшесі, өзінің қоршаған адамдар ортасы бар,адамдармен қарым-қатынасын саналы түсінетін , белгілі бір іс-әрекетпен шұғылданатын және жеке индивидуалды әлеуметтік-психологиялық қабілеттері, қасиеттері бар нақты бір адам.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы
Тұлғаның
жалпы
Психологиялық
жүйесінің
жақтары.
Жеке
индивидуалды
психологиялық
жағы
Тұлғаның
Дүние-
танымдық
жағы
Әлеуметтік
психологиялық
жағы
Тұлғаның мақсаттары, қызығушылықтары және позициялары.
Әлеуметтік психологиялық жағы
Тұлғаның қоғамдағы белгілі ролдері
Тұлғаның әлеуметтік позициялары
Тұлғаның әлеуметтік бағыт-бағдары.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің
анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне
байланысты тұлға типологиясы Пикниктер. Әлеуметтік ортаға тез үйрену және тұлғааралық қатынасқа түсу жоғары деңгейде болады. Олардың барлық адамдармен әрекеттесулері, өз қызығушылықтары мен әуестерін орындауға көмектеседі. Атлетиктер. Қарым-қатынасқа өте бейім және әлеуметті белсенді. Адамдар арасында доминантты позицияларды иеленуге тырысады. Әлеуметтік жағымды және жағымсыз жетістіктерге бағытталуы мүмкін. Өте импульсивті болып келеді.
Астениктер. Қарым-қатынасқа аз түседі, басқа адамдармен қызметтестікте ұстанымдылық танытады. Өзінің әлеуметтік статусы мен орнының өзгерісіне Өте сезімталдық танытады. Топтық мойындауды жасырын алуға тырысады, Оны түсіруге ешкімге жол бермейді. Клаустрофобиямен ауырады.
Тұлғаның психикалық процесстерінің өту динамикасына және оның жоғары жүйе іс-әрекетіне байланысты.
1.Сангвиниктер.
Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүрумен, эффективті және тез ойлауға, жұмысқа бейімділігімен ерекшеленеді. Дене бітімі мен бойы орташа, жүйке жүйесі өте тұрақты-қозғалмалы болуы, тез және ойлаудан өткен реакцияларды іске асыруға көмектеседі. Сезімдері жеңіл пайда болып,ауысуы мүмкін. Мимикасы бай, қозғалмалы, мәнерлі. Белгілі бір мақсаты болмағанда сангвиниктер тұрақсыз болуы мүмкін.
2.Флегматиктер.
Қобалжуға түспейді, олардың қалыпты жағдайы – сабырлық таныту, қоршағанға қанағаттану. Дене бітімі – кең иықты, орташа немесе кіші бойлы. Нервтік жүйесі өте тұрақты-инертті.Бұл тұрақты көңіл-күйді, сезімдердің, қызығушылықтардың, көзқарастарының, қиыншылықтарға төзімділігінің, жұмыста белсенділік танытудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Аффектілерге берілмейді. Белгілі жағдайларда жақсы –жаман қасиеттері қалыптасуы мүмкін.
3. Холериктер.
Өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіз, басым инстинктері: доминанттылық, зерттеуцшілік, жақсы қасиеттерін сақтау. Дене бітімі сухощавты, төзімді, жүйке жүйесі тұрақсыз, сондықтан қақтығыстарға тез түседі, сөз бен қимылды асығыс орындайды. Көңіл-күйі мен жұмыс белсенділігі төмендеп отыруы мүмкін. Холериктер өте эмоционалды, қозушаң, көп әсер алғыш болып келеді. Жиі өзіне сеніп қалған, шіренген адам ретінде көрінеді. Холериктік темпераменттің пайда болуы тұлғаның бағыттылығына байланысты. Қоғамдық қызушылығы бар адамдарда ол принцип, энергия, инициатива негізінде көрінеді, ал рухани өмірдің байлығы жоқ адамдарда ол теріс күійде болады, яғни аффектіге берілген, ашушаң. Конфликтіге көп түсетін, сырттан қысымды ұнатпайды, бірақ біршама қарым-қатынасқа түсіп,әлеуметтік белсенді бола алады. Табиғатынан батыр, лидер, зерттеуші болуға бейім.
4.Меланхоликтер.
Қимылдары ақырын, шешім қабылдағанда баяулық, байқағыштық танытады. Дене бітімі – нәзік, иықтары кішкене,аяқ қолдары ұзын және арық. Жүйке жүйесі әлсіз, бұл қиын жағдайларда баяулық, шашыраңқылық, қорқақтық танытуға себеп болады. Бір нәрсеге ұзақ уақыт зейін болу қиынға соғады. Қатты әсерлер меланхоликтерде тежелу реакциясын тудыруы мүмкін. Қолайлы жағдайда олар мазмұнды, терең адамдар. Қолайсыз жағдайларда олар қорқақ, тұйық,уайымшыл болып келеді. Меланхоликтер қарым-қатынасқа аз түскіш. Олар басқамаен қарым-қатынасты кеңейтуге, әрекет пен қарым-қатынста жолы болмаушылықтан қорқады, ауыр қабылдайды.