Дәріс №6. ҚҰҚЫҚ ЖӘне қҰҚЫҚ ЖҮйесі. Дәріс жоспары



Дата06.10.2023
өлшемі399,59 Kb.
#112925
Байланысты:
ТГП 6


ДӘРІС №6.
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ.
Дәріс жоспары:
1. Құқықтың түсінігі, мәні және белгілері
2. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
3. Құқықтың қағидалары.
4. Құқық функцияларының түсінігі және түрлері
Құқық бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
ҚҰҚЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
еріктілік сипаты
жалпыға міндеттілігі
нормативтілігі
мемлекетпен байланысы
формальды анықталғандығы
жүйелілігі
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
  • Құқықтың құндылығы бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.

ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАР
Табиғи теория 
Тарихи теория 
Реалистік теория 
Социологиялық теория 
Нормативтік теория 
Психологиялық теория 
Материалистік теория 
Құқықтың қағидалары – құқықтың мəнін анықтайтын жəне білідіретін негізгі бастауы, идеясы, ережелері болып табылады.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ҮШ ҮЛКЕН ТОПҚА БӨЛІНЕДІ.
жалпы құқықтық
салааралық
салалық
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді.
ОЛАРҒА МЫНА ҚАҒИДАЛАР ЖАТАДЫ:
заңдылық
әділеттілік
ізгілік
демократиялық
құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы
азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі
сендіру мен мəжбүрлеуді үйлестіру
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мəнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық жəне сот өндірісінің жариялылығы жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана əрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта – кінəсіздік презумпциясы.
Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК
Экономикалық
Саяси
Тәрбиелік
Коммуникативтік
АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
Реттеуші
Қорғаушы
Экономикалық функция - құқық заң арқылы экономикаға реттеушілік тұрғыдан əсер етеді
Саяси функция – құқық өз нормаларында саясаттың негізгі ережелерін анықтайды, елдің саяси құраласын бекітеді.
Тəрбиелеу функциясы – белгілі бір идеологияның көрсете отырып құқық адамдардың сана сезіміне əсер етеді, олардың құқықтық санасын қалыптастырады
Коммуникативтік функция – құқық ақпараттық жүйе ретінде басқарудың субъектілері мен объектілерінің арасында байланыс құралы, заң шығарушы мен қоғам арасында құқықтық ережелерді шығарушы тұлғалар мен жеке және заңды тұлғалар арасында арнайы делдал болып табылады.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
socrative.com
Room Name: ZHUNISPAEVA

ТЕОРИЯ АТАУЫ

МӘНІ

ӨКІЛДЕРІ

ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет