Дәріс №7 Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі42,82 Kb.
#79024
1   2   3
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасындаалшақтықмол. Алайда,осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін дыбыс таспасына жазып алып тыңдатуына болады.Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіпотырып,дыбыс таспасына жазып алып,оны қағазға түсіріп, сол әңгіменіайтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соныңсалдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты керінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, керкем оқу дегеннің не екенін не екендігі туралы ұғымдар беруге болады. Сондықтан мұғалімдер балалар аудиториясында оқылатынәрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана оқушы әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды.
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:
– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;
–Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;
–Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру; [2]
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде
Койылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.
Олар:
а) логикалық кідірістер;
ә) психологиялық кідірістер;
б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.
Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.»
«Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қарадырдан бес-алты шақырым ұзап шықты…»(М. Ә у е з о в). [3]
Бірінші, екінші, төртінші сөйлемдегі сөзден соң тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын «бас алмайды, тоқтамайды» деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Психологиялық кідіріс. Мәтіннің мазмұн-мағынсына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.
Мысалы, I.Жансүгіровтің «Шәутеннің шәркейі» деген диалогқа құрылған әңгімесін шолып керейік. Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен кідірістерін дәлелдеуге болады. Соның ішінде психологиялық кідірісін қарастырайық. Ол үшін шығармаға аз ғана талдау жасайық. Шығармаға қатысатындар — автор, Шәутен, анасы.
Автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы біршама тұрақты. Себебі, автор — болған оқиғаны сырттай бақылап, хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты қоңыр дауыспен оқылады. Ал Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене бала. Үстіндегі киімі, ішіп-жеген тамағы т.б. қалай жасалынады, қайтіп жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жаста емес. Сондықтан анасы ақ марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат қалмайды. Анасы жүнді сабап жатса да, шиге тартып жатса да айтатыны «Болды ма? Енді болды ма?» деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте тез, келте, асығыс оқылады. Шәутеннің сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбарақат оқылады. Баласы қанша асықса да, анасы асықпайды. Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынын біледі. Ана мен баланың ой-өрісін, жас ерекшелігін, мінез-құлқын түсініп көз алдына елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне іс-әрекетіне қарай жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет