Дәріс №7 Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті



бет3/3
Дата04.04.2023
өлшемі42,82 Kb.
#79024
1   2   3
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады. Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар.
Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға
тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің жеке-жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасына ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді.
«Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуғажақындағанда немесе нүктегежақындағандакідірукілт тоқталмай,сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егер де нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлемалдыңғысөйлемгеқосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін, оның оқылуын практикалық жолмен меңгеріп алу қажет.
Көп нүкте де (…) сөйлем аяғына қойылатын белгі. Ол сөйлемдегі ой бір себептермен аяқталмай қалғанда, бір себептерден кенет үзіліп қалғанда қойылады. Ал оқу, сөйлеу кезінде көп нүкте қойылған сөйлемге кенет тоқталып үзіліс жасалады. Сол кезде тыңдаушы ой аяқталмағанын, оқушы немесе сөйлеуші белгілі себеппен әрі қарай жалғастырмағанын түсінеді де, жалғасын өзі топшылайды.
Бұндай сөйлемдер көркем сөз шеберлерінің шығармаларында жиі кездеседі.
Мысалы: «Егер жұрттың бәрі жаңағы шалдай пейілмен істесе, бұл колхоз дүрілдеп-ақ кетер еді. Бірақ не керек, жанның бәрі бірдей емес, біреу олай, біреу бұлай, көрмейсің бе, жаңағылардың жанжалын… Сонсоң екі арада момын сорлайды. Әйтпесе… (Ғ. М ұ ст а ф и н. «Шығанақ»),
Үтір (,) сөйлем ішіндегі сөз арасында көп қолданылатын, атқаратын қызметі мол белгі.
а) Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді ажыратып тұрады;
ә) Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасын ажыратады;
б) Оңашаланған айқындауыш мүшелерді ажыратуға қойылады;
в) Оқшау сөздерді, одағай,қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратады т. б.
Үтірдің осы қызметтерінің бәрі де ойдың мағынасын саралауға, жіктеуге әсер етеді. Мысалы, құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылатын үтір мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына қойылатын үтірдің мағынасы, оқылуы бір емес. Мына текстен қойылған тыныс белгілерінің мағынасы мен қызметін талдап көрелік.
Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру – айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы. Мұғалім оқушылардың дикциясын қалыптастыруда бірден–бір жол шығармаларды, өлеңдерді мәнерлеп оқыту үшін ережелерін үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. [4]
Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сез тіркестерінен тұратын сейлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын тұсініп оқуына жетелейді. Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.
Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет