Дәріс №7 «этика және эстетика»


ЖОМАРТТЫҚ – басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік



бет4/9
Дата01.12.2022
өлшемі198,27 Kb.
#54073
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЖОМАРТТЫҚбасқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.

  • ЖОМАРТТЫҚ – басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.
  • ІЗГІЛІК ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚ – этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгершілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық оң қылықтар жинақталған.

АР, НАМЫС, ҰЯТ – абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын.

  • АР, НАМЫС, ҰЯТ – абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын.
  • Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: «Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы».
  • Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы – ар мен ұят. Ұят – адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ.

  • ҰЯТ — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Ар және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз әрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сөзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығына қам жейді.
  •  

  • АБЫРОЙ — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет