Дәріс №7 «этика және эстетика»


МОРАЛЬДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР



бет3/9
Дата01.12.2022
өлшемі198,27 Kb.
#54073
1   2   3   4   5   6   7   8   9
АДАМГЕРШІЛІК НОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

МОРАЛЬДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР

  • теологиялық
  • натуралистік (мораль о бастан адамға тән және ол табиғи жолмен беріледі)
  • социологиялық (мораль қоғамның тарихи дамуымен байланысты)
  • мәдениеттанулық (адамның мінез-құлқын реттейтін мәдениет элементі)
  • Ар, ұят, намыс
  • өзін-өзі қадірлеу сезімі
  • Достық
  • Махаббат
  • Жомарттық
  • Ізгілік пен зұлымдық
  • Абырой
  • Парыз
  • Әділеттілік
  • Бақыт

ЭТИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Этикалық категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар.
Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, яғни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

ДОСТЫҚ

– адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады.

Достық қарым-қатынас дегеніміз – жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты, тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.

МАХАББАТ

  • Махаббат – достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай «Махаббатсыз дүние – бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жолдастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш – махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы – махаббат – құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.
  • Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет