Дәріс №7 «этика және эстетика»



бет8/9
Дата01.12.2022
өлшемі198,27 Kb.
#54073
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады.

  • Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады.
  • Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі.
  • Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді.
  • Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз.

Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз.

Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз.

  • Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу. Егер біреу тағамыңызды мақтаса, азық-түлікті қай дүкеннен алып, қанша сағат дайындағаныңызды баяндай жөнелмеңіз. Жай ғана «рақмет» деудің өзі де жеткілікті.
  • Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу. Біреуге сіздің өміріңіз, жұмысыңыз, туыстарыңыздың халі, ауру-сырқау туралы әңгіме қызық болады деп ойласаңыз да, бұл тақырыпты жиі қозғай бермеңіз. Сұхбаттасыңыз сұрақ қойса ғана жауап беріп отырыңыз. Өзіңізге қатысы жоқ нәрселер жайлы әңгімелескен дұрыс.
  • Қонаққа ескертусіз келмеу. Біреудің үйіне ескертусіз бармаған жөн. Себебі ол адамның өз жоспарлары болуы немесе жай ғана шаршап, ертерек жатып, демалғысы келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет