Дәріс 8-9 Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Кіріктіре оқыту тиімділігінің көрсеткіштері



бет17/18
Дата22.10.2022
өлшемі72,96 Kb.
#44947
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дәрістер ИББ 2021 -2022 (1)

Кіріктіре оқыту тиімділігінің көрсеткіштері

Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне кіріктіру тиімділігін бағалау үшін белгілі көрсеткіштерге бағытталу қажет, олар барлық білім беру жүйесін, білім берудің түрлі деңгейлерін және жекелеген білім беру ұйымдарын бағалауда да қолданулары мүмкін. Келесілер осындай көрсеткіштер бола алады:


1. Орта сапасы – инклюзивтік білім беру үшін барлық жағдай жасаған жалпыға білім беру ұйымының жалпы санға шаққандағы үлесі. Бұл көрсеткіштерге кіретіндері: кедергісіз ортаның сапа көрсеткіші, инфроқұрылымның, әлеуметтік және медициналық- психологиялықпедагогикалық қолдау көрсетудің қолжетімділілігі, білім беру бағдарламаларының және бағалау жүйесінің бағыттылылығы, тең құқықтылық жағдайы.
2. Қамту сапасы – білім алу қажеттіліктері ерекше тұлғалардың жалпы санына шаққандағы инклюзивтік білім берумен қамтылған тұлғалардың үлесі (білім берудің түрлі деңгейлерінің және білім алу қажеттіліктері ерекше тұлғалардың түрлі санатарының (мүмкіндіктері шектеулі адамдар, оралмандар, жетімдер және басқа санаттар) кесіндісінде).
3. Кіріктіру деңгейі – білім алу қажеттіліктері ерекше тұлғалардың немесе олардың өкілетті уәкілдерінің білім беру сапасымен қанағаттану деңгейлерін және олардың жалпыға білім беру ұйымдарына мұқтаждық деңгейін өлшеу.
4. Қолайлылық деңгейі – бағытталған, қолайлы білім беру кеңістігін құру, кемсітуді, шеттетуді болдырмау, білім беру үдерісіне қатысушылардың араларындағы шиеленістің алдын-алу бойынша шаралардың тиімділілігі; қоғам мен ата-аналар комитеті арасында бағалау мен мониторинг жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету.
Білім алу ортасының қолайлылығын анықтау сұрау және сауалнама жүргізу әдісімен жүзеге асырылады. Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу тиімділілігінің осы жалпы көрсеткіштерінен басқа, кіріктіре оқытуды жүзеге асыратын нақтылы жалпыға білім беру ұйымындағы жұмыстың тиімділілігін бағалаудың маңызы өте зор.
Бұндай көрсеткіштер: - Оқушылардың оқу үлгерімдері туралы мәліметтер. Сонымен, оқушылардың оқу материалдарын табысты меңгерулері оқу үдерісінің дидактикалық қамтамасыз етілуінің куәсі. - Психофизикалық даму деңгейлері әртүрлі балалардың тұлғааралық қарым -қатынастары туралы мәліметтер. Мысалы, қажеттілігі ерекше оқушының басқа балалармен тұрақты және ұзақ байланыста болуы, оның сынып (мектеп) ұжымына табысты енуінің белгісі.
Келтірілген белгілер мен көрсеткіштер негізінде қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу үлгілерінің тиімділілігін және инклюзивтік білім беру міндеттерін жүзеге асырудың табыстылылығын бағалауға болады. Қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізу деңгейін анықтаған кезде келесі өлшемдерге бағытталған жөн: көпсубъектілі (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мекеменің қызметкерлері мен өкілдері), нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, ведомствоаралық әрекеттесу, әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қорлар, ақпараттық қамтамасыз ету, ұйымдастыру - мазмұндық компонент
Инклюзивтік білім беру – бұл амал, бұнда балалардың әртүрліліктері ескеріледі, бұнда білім беру мақсаттары, ұйымдастыру және педагогикалық жағдайлары, психологиялықпедагогикалық қолдау көрсету және диагностика, барлық дидактикалық жүйе қажеттіліктері ерекше балалардың мүмкіндіктерін ескереді және солардың ерекшеліктері мен талаптарына қарай бейімделеді. Инклюзивтік білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды жалпыға білім беру сыныбына немесе мектебіне қарапайым ауыстыруды білдірмейді, шындығында, ол әр баланың өзінің қатарларымен және мұғалімдермен қабылданғанын сезінуіне, оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп, мейлінше дамуына және орынды бағалануына ықпал етеді

ИНДИВИДУАЛЬНО-ДИФФЕРЕНЦИРОВАННЫЙ ПОДХОД ПРИ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА ДЛЯ ЛИЦ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ ЗДОРОВЬЯ


Т. В. Пен, Т. В. Лавриенко2, С. И. Левченко, В. Р. Пен Сибирский государственный аэрокосмический университет имени академика М. Ф. Решетнева Российская Федерация, 660037, г. Красноярск, просп. им. газ. «Красноярский рабочий», 31
2Сибирский федеральный университет Российская Федерация, 660041, г. Красноярск, просп. Свободный, 79 Е-mail: levchenko167@inbox.ru
Доступ к качественному образованию детей из социально-уязвимых групп: ситуационный анализ / Access to quality education of children from socially vulnerable groups: analysis of situation, Sange Research Center jointly with Soros.kz Astana, 2011
Рамка мониторинга инклюзивного образования в Республике Казахстан / Framework of inclusive education monitoring in the Republic of Kazakhstan, JSC “Informational-analytical center”, 2017
В. Джордан, Придо Р. «Доступ к качественному образованию для детей с особыми образовательными потребностями», 2011 г.
Скипп А., Хопвуд В. «Поддержка ООП: примеры из школ и колледжей», 2017 г.
Каттони А., Йенес Д., Крамеротти С., «Составление индивидуального плана обучения для учащихся с особыми образовательными потребностями» , 2017 г.
Дополнительная поддержка в обычных школах – Поддержка ООП, информация для родителей, Англия, КОНТАКТ, 2018
Студенты с ограниченными возможностями, трудности обучения и недостатки политики, статистики и показателей, 2007 год, ОЭСР OECD Child well-being Module, 2012 год
Дж. Тод, Дж. Корнуолл «Написание и реализация индивидуальных образовательных планов», 1998 г.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет