Бұндай бала кез-келген тапсырманы (мектепте, балабақшада) орындау кезінде өзі қателіктер жіберіп алған жерге зейінін салуға қабілетті болмайды;
өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді;
бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбейді және өзіне ұнамаған жұмысқа наразылығын осылай білдіретін болады, сондай-ақ, ол жұмыс ережелерін біліп, оларды ұстануға тырыспайды өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді
ұзақ күрделі ақыл жұмысын қажет ететін тапсырмалардан барынша аулақ болуға тырысады;
мектепте және үйде қажет болатын заттарын жиі жоғалтады: анасы алдын-ала барлығын жинап, салып берген болса да балабақшада қалпағын, сыныпта қаламын немесе күнделігін таба алмай жүреді.
бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;
орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;
бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.
тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды;
көп сөйлейді.
Импульсивтілік:
бала көбінесе сұрақтарға ойланып алмастан және соңына дейін тыңдап алмастан жауап береді, кейде жауабын айқайлап айтады;
жағдай мен ситуацияға қарамастан, өз кезегін әрең күтеді;
әдетте басқаларға кедергі келтіріп, әңгімелерге, ойындарға араласып кетеді, басқаларға жабысады;
шыдамсыздық танытып, өз қалауының дереу қанағаттандырылуын талап етеді.
тепе-теңдіктің бұзылуы (балалар велосипед пен коньки тебуді әрең үйренеді);
көру-кеңістікті үйлестіру қабілетінің бұзылуы (спорттық ойындарға, әсіресе допқа қабілетсіздік);
құрдастармен және ересектермен қарым – қатынас кезіндегі қиындықтары- баланың гипербелсенді мінез-құлықтары ата-аналар мен мұғалімдерінің ашуын тудырып, соңында бала қатты болып, айтқанға бағынбайтын жағдайға алып келетін қоршаған ортаның қабылдамау жағдайына ұшырауы мүмкін.