Қайта талап ету (регрессивті) жауапкершілік, заңдық тұрғыдан бір
тұлғаның жауапкершілігін екінші тұлға өтейді. Мысалы, жұмыс беруші, өз жұмыскерінің әрекетінен болған зардапты, оны шегушіге өтегеннен кейін, зардап мөлшерін жұмысшыдан өндіріп алуға құқығы бар, яғни қайта талап ету әдісімен.
Аралас жауапкершілік деп екі тараптың да кінәсі бойынша міндеттемелерді дұрыс орындамау немесе толық орындамау нәтижесінде пайда болатын жауапкершілік танылады.