1
1-дәріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – 2 академ.сағ.
Жоспары:
1.
Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі.
2.
Ежелгі
металлургия
кезеңіндегі
көшпелілер
өркениетінің
қалыптасуының алғышарттары.
3.
Атқа міну мәдениетінің генезисі
4.
Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
5.
Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы
аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара қатынастары
1. (2-слайд) Адамның пайда болуының проблемалары қазіргі ғылым
үшін өте өткір де өзекті. Бүгінде адамның пайда болуы, тегі, шыққан ортасы
мен жері туралы бірін-бірі толықтыратын, не жоққа шығаратын бірқатар
теориялар мен болжамдар бар. Адамды құдай жаратты деген теологиялык,
түсініктер мен Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары да бірге өмір сүріп келеді.
Адамның шығуы мен уақыты туралы қалыптасқан гипотезаларды екіге бөлуге
болады: алғашқысы Африкадағы шағын homo sapiens, олардың басқа
континенттерге орналасуы не шашырауы, ал екіншісі адам ғаламшардың әр
нүктелеріндегі тараған гоминид популяциясының ұрпақтары. Жаңа
мәліметтер бойынша адамның шығу уақыты 140—150 мың жыл бұрын деп
саналады.
(3-слайд) Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған американ
этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық
(варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған
әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір
жетістіктерге жетіп отырды. Жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу
үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды-сөйлеу тілі пайда болды, отты
бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық
кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді,
темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан
басталады.
(4-слайд) Жабайы адам батыл тіршілік иесі болған. Оған жүнді
мамонтпен де, құдіретті үңгір аюымен де күресуге тура келді. Өртеніп жатқан
бұтақты кім бірінші болып ұстап, жат олжаны үйге әкелгенін білмейміз. Қалай
болғанда да, жабайы аңдарды қолға үйреткендей, отты да қолға үйреткен
батыл, өнертапқыш адамдар болған.
Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы
тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз
кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді.
(5-слайд) Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит
кезеңдерінен тұрады. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй
(б.з.б. 2,6 млн жыл — 700 мың жыл), ашель (б.з.б. 700 мың — 150— 120 мың
жыл) және мустье (б.з.б. 150—120 мың — 35—30 мың жыл) кезеңдеріне
бөлінеді. Шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер,
пышақтар, тескіштер және т. б. Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау
2
жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары
жайылмасынан, ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазғаннан табылған. (6-слайд)
Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-
бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы» немесе «малтатас
мәдениеті» деп аталады. (7-слайд) Соңғы палеолит б. з.б. 40-35 мыңжылдан
басталып, 10-мыңжылмен аяқталады. Бұл Жер шарының барлық климаттық
аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік
топтардың қалыптасу уақыты. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы
палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухани
мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс
қоғамдық қатынастардың дамуымен, рулық қауымның қалыптасу үрдісімен
тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерлерде шеше жағынан топтасты.
Ежелгі тас ғасыры дәуірі-адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының
бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-
жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың
қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі
алғашқы тобыр-қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін
бірлесу болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің ашель дәуіріне сәйкес
келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм - алғашқы қауымның
алғышарттары біліне бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына
қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шығады.
Бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға
айналуымен тұстас келеді.
(8-слайд) Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз
зерттелген. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос»-орта деген сөз) көшу
климаттағы өзгерістермен ерекшеленді. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың
еруімен байланысты. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ
табудың бұрынғы әдістерінің (қамалап аулау және т. б.) орнына, тіршілікті
қамтамасыз етудің жаңа әдістері келді. Фауналық өзгерістер болған бір
аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып,
басқаларында балық аулау және жинау-аңшылық кәсібі қалыптасты. Садақ
пен жебенің кенінен қолданылуын, енбек құралдарын дайындауда сына
техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің
жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. (9-слайд) Садақ пен жебенің
ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді.
Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі
өзгерістерге жеткізді. 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және
ең жаңа қару болды.
(10-слайд)
Неолит дәуірінің басы шамамен б. з. б. VII мыңжылдықтың
екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Тас өңдеу
техникасының гүлденіп, еңбек құралдары барған сайын мамандандырылды.
Тас өндеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық
әдістері шықты. Нефриттен, яшмадан, басқа да тастардан әшекейлер-
білезіктер, алқалар жасалды. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың
дайын өнімдерін иемдену орнына (жиын-терін мен аң аулау) келген өндіруші
3
шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілік болып
табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының
дамуы үшін орасан зор маңызы болды. Адамның экономикалық қызметінің
одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы осы екі
шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады. (11-слайд)
Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш
құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі
рулық қауым дәуірі болды, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-
жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.Тайпалар немесе тайпалық
бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына карай және
шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық
қауымдардан кұрылды. Қазіргі уақытта Казақстан аумағында 600-ден аса
неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Алғашқы тайпалар
шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталады.
Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді
саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге
көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан
зор экономикалық революция болды.
(12-слайд) Неолитте қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді.
Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді-бұл оқиғаны
«неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және
оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Қазақстанның неолиттік тайпалары
мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін сақтай отырып, көршілес
аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамыды.
Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне
мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп түсіну керек. Энеолит дәуірінде
климат ылғалды болды. Ірі сүткоректілер санының белсенді түрде табиғи
өсуіне, көбеюіне жағдай туды. Бұл кезде мұнда жылқы да өсіп, көбейді.
(13-слайд) Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың
атымен аталған Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін
сипаттайды және мерзімі б.з.б. III-II мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай
мәдениетін В.В. Зайберт ашты. Ботай қонысы шамамен 200 жылды-б.з.б.
XXIV-XXII
ғасырларды
қамтиды.
Құрал-саймандар
тұрғындардың
шаруашылық укладының күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек
элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын
дәлелдейді. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, жебелердің, сүңгілердің,
найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты кұралдар. Шанышқылар балық
аулау кәсібін көрсетеді.
2. (14-слайд)
Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық
өзгерістері б.з.б. II-мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен
жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді.
Қола дәуірде
өндіруші экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен
өзгертті. (15-слайд) Қоныстарын жиі өзгертетін малшы тайпалар қуатты
бірлестіктер құрды, бұлардың қалыптасуына соғыс қақтығыстары едәуір рөл
атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар
4
тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару
жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды. Қола дәуіріндегі
қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі-жаңа дәуірді
белгілеген фактор-палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б.з.б.
II-мыңжылдықтың ортасында Казақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін
меңгерді. Б.з.б. II-мыңжылдықтың аяғында-I мыңжылдықтың басында
далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған
жаңа түріне-көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Климаттың жедел
құрғауына байланысты Батыс және Орталық Қазақстанның қоныстарында
сумен жабдықтаудың жаңа әдісі-құдық қазу шығады. Қола дәуіріндегі
экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы
мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбек
мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке
отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде
мүлік тенсіздігі өсті.
(16-слайд) Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және
Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи
тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Табылған жері
Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет
«Андронов мәдениеті» деп аталды. (Б.Г.Андрианов, 1913 ж.) Андроновтық
тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүрген. Қоныс-мекендер
кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты.
(17-слайд)
Андронов мәдениетінің қалай шыққаны-пікірсайыс туғызып келе жатқан
проблема. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит
дәуірлеріндегі Қазақстанның солтүстік аймағының және Батыс Сібірдің
іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі шыққан тегі жағынан туыс
тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылған деп есептейді. Андронов
қауымының тарихындағы күрделі мәселелердін бірі тұрғындардың этникалық
тегін анықтау болып табылады. Бірнеше пікірлер бар. Олардың біреуі
бойынша андроновтықтар финн-угор этникалық тобына жатады. Үнді-
иранның ежелгі жазба ескерткіштерін-Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны,
Шатапатханы және топономика мен ономастиканың басқа да деректерін,
археологиялық материалдарды талдау негізінде тарих және филология
ғылымдары андронов тайпаларының үнді-иран немесе арий текті екендігін
болжайды. Кейінгі жылдарда тілшілер, түркологтар, этнографтар, тарихшылар
арасында андронов тайпаларының түркі тілдес болғаны туралы пікір ұсынады.
(18-слайд) Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 ж.
А.Я.Тугаринов ашты. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін С.А.Теплоухов
кезеңдерге бөліп, топтастырып, кейін К.В. Сальников Андронов мәдениетін
хронологиялык үш кезеңге бөлді: федоров кезеңі - б.з.б. XVIII - XVI ғғ., алакөл
кезеңі-б.з.б. XV-XII ғғ., замараев кезеңі-б.з.б. XII-VIII ғғ.
(19-слайд) Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы
дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген
жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, қыс кезінде, тамақ қоры болуын
қамтамасыз етті. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде
5
басталды. (20-слайд) Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті
шаруашылық болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар
неолит дәуірінен бастап теселі егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі
тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі
толықтырып, өзара байланысты болды. Негізінде бидай, карабидай, тары
егілді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал
өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды.
(21-слайд) Қола дәуірінде өндіргіш күштерінің дамуында мал
шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру аса
маңызды рөл атқарды. Көне даладағы-мыс (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға,
Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба және
Нарым жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай,
Майқапшағай, Ақабек) кен орындары бұл аймақтың ежелгі металлургия
орталықтары. Ең жұпыны есептің өзі Жезқазған өңірінде балқытылған мыстың
көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын көрсетеді. Успенск мыс руднигінен
200 мың тонна руда, ал Имантау кен орнынан ежелгі заманда 48 мың тонна
мыс рудасы қазылып алынған.
(22-слайд) Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен әл-ауқаты
түгелдей табиғатқа тәуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін кұдірет деп
білді. Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең тараған
өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, от денені
жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан корғайды.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығының дамуына
байланысты күнге табынумен бірге ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды,
Қола дәуірінің тайпаларында ата-бабаларына сиыну және о дүниеге сену
кеңінен тарады. Сондықтан өлген адамды о дүниеде қажет болады деп
тамақпен, киіммен, енбек құралдарымен, қарумен,сәндік заттармен
мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Қола дәуірінде күнге, отқа,
айға, жұлдыздарға, сондай-ақ қорғаушы рухтарға арнап кұрбандық шалынды.
Адамның ой-өрісінің дамуы оның өзі туралы және табиғат туралы ұғымының
күрделенуіне, діни дүниетанымының пайда болуына әкеліп соқты.
3. Қола дәуірінде Қазақстан аумағында қоғамның дамуында түбегейлі
өзгерістер болды: неолит кезеңінің шаруашылығы мен тұрмысының ежелгі
түрлерінің орнына-егіншілік пен мал шаруашылығы, уақытша тұрақтардың
орнына- жайлы қоныстар, шақпақтас құралдарының орнына әр түрлі металл
қоспалардан жасалған бұйымдар келді. Халықтың саны өсіп, ірі-ірі мәдени
қауымдар қалыптасты. Жылқыны үйрету, оны салт мініп жүруді, кейіннен
жегіп пайдалануды ойлап табу адамзаттың ілгері басуында ерекше рөл
атқарды. Адамның уақыт пен кеңістікті бағындыруына негіз қаланды, ол
ойкуменді тез әрі тиімді игеруге мүмкіндік алды.
Ертедегі көшпелілер мәдениетінің экономикалық, әлеуметтік және
мәдени алғышарттары қола дәуірінде қалыптасты.
(23-слайд) Құрастырылған бет-пішіндеріндегі ұсақ айырмашылықтарға
қарамастан, қола дәуір адамдарын палеоантропологиялық дене пішіні
жағынан ғана емес, сонымен қатар мәдениет жағынан да толып жатқан ортақ
6
белгілер жақындастырады, мұның өзі Қазақстанның қима және Андронов
мәдениеттерін таратушылардың
өзара
алыс-берісін,
тарихи
және
антропологиялық түбінің бір екенін дәлелдейді. Сонымен, қола
ғасырларындағы Қазақстан халқының тұтас алғанда антропологиялық тегі бір,
оған
монғолоидтық
элементтердің
қандай
болсын
қоспасынсыз
протоеуропоидтық нәсіл негіз болған. (24-слайд)
4. (2-слайд) Б.з.б. I-мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды,
Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта
жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот
(б.з.б. V ғ.) және басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Сақ тайпалары Солтүстік Қаратеңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген
скифтердің және төменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савро-
маттардың, Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский
дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз
қарым-қатынас жасаған, тіпті б.з.б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер импе-
риясының құрамына да кірген. Ахеменидтік жазба деректемелерінде сақ-
тардың үш тобы: хаумаварга-сақтары (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиг-
рахауда-сақтары (шошақ бөрік киетін сақтар), парадрайа-сақтары (теңіздің
арғы бетіндегі сақтар) туралы хабарланады
.
(3-слайд) Қазақстан аумағындағы бақташы тайпалар туралы ең ертедегі
деректердің бірі Авестада кездеседі. Көне Иран эпосында Қазақстан мен Орта
Азия аумағындағы шығыс ирандық, көшпелі тайпалардың бәрі «турлар» деген
атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тур халқын ежелгі грек деректемелері
бойынша массагеттер деген атпен байланыстырады. Ежелгі грек
деректемелерінде савроматтар тайпасы туралы айтылады.
(4-слайд) Сонымен, жазбаша деректемелер б.з.б. VII-IV ғғ. Қазақстан
аумағына бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастырады:
оңтүстікте бұлар тиграхауда-сақтары, грек деректемелеріндегі массагеттер
және дахтар(дайлар); батыста-савроматтар (ежелгі аорстар), орталық
аудандарда-исседондар, солтүстік-шығыста-аримаспылар. Бұлардың бәрі
рулық-тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс және мәдениеті
жағынан жақын сақ және сармат тайпаларының этникалық-мәдени бірлігіне
кірген.
(5-слайд)
Жазбаша деректемелер мен археологиялық деректер б.з.б. VIII-VII ғғ.
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние
өркениеттерімен-Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б.VI ғ. ортасынан,
Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап - Персиямен байланыста
болғанын көрсетеді.
(6-слайд)
Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия
патшасы Крезбен соғысты. Сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болған
парсылардың жорықтары кескілескен қарсылыққа кездесті, Кирдің әскерлері
талқандалып, өзі қаза тапты. (7-слайд) Б.з.б. VI ғ. аяғында-V ғ. басында ежелгі
Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси
оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен
жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты.
7
(8-слайд) Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жж.) парсылардың
жеңілуімен
аяқталды.
Б.з.б.
IV
ғ.
30-жж.
македондық-гректер
А.Македонскийдің басшылығымен Орта Азияға баса көктеп кірді.
Самарқанды алып, Сырдарияға бет алған Македонскийдің әскерлеріне қарсы
күресте Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеуші массагеттер белсене
қатысты. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана
македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын
уақытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары
өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
(9-слайд) Б.з.б. I-мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның
тиграхауда-сақтары Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының
өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Биіктігі 20 метрге дейін
жететін «патша» обаларының көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні
жоқ. Осыдан кейін «патша сақтары мен усундер» нақ Жетісуды мекеңдеген
деген қорытынды жасалды.
(10-слайд) «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың
қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас
киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша
арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде
орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның манызы ерекше, оның
түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу әліпбилік жазба болуы ықтимал.
(11-слайд) Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ
кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен және Үйғарақ
қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар-
қару, үй тұрмысына қажетті және алуан түрлі сәндік заттар сақтардың құю
техникасы мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның ертедегі темір дәуірінде Орта Азия мен Қазақстандағы
металлургия өндірісінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді. Ертедегі темір
дәуірі ескерткішінің едәуір бөлігі Шығыс Қазакстанның ең басты су
артериясы-Ертіс өзенінің аңғарларына орналасқан. «Патша» обалары деп
аталатын ең үлкен обалар Зайсан ойдымының ІІІілікті аңғарында және
Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзенінің жағалауында шоғырланған.
Мұнда металлургия мен мал шаруашылығы ежелгі кәсіпшіліктің жетекші
салалары болды. (12-слайд) Б.з.б. VII-IV ғғ. Шығыс Қазақстан аумағын
мекендеген сақ тайпалары өздерін қалай атағаны бізге дейін жеткен жоқ және
бұл мәселе осы кезге дейін шешілген жоқ. Тарихи әдебиет Солтүстік және
ІІІығыс Қазақстанның таулы белдеуіне көбіне аты аңызға айналған
аримаспылар тайпаларын орналастырады. Мұндай оқшаулауға антик
авторларының аримаспылар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген
деректері негізге алынады.
(13-слайд) Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі
малшыларының мәдениеті Тасмола койнауының атына сәйкес Тасмола
мәдениеті деп аталды. Оны жеке атауға тастар тізбегі бар «мұртты» обалар деп
аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды.
Тасмола мәдениеті
тайпалары сақ тайпаларының қуатты одағы құрамына кірген.
8
(14-слайд) Ертедегі халықтың далалық, таулы-далалық және шөлейт
кеңістіктерде -экстенсивті мал шаруашылығын қалыптастыру дәуірі б.з.б. I-
мыңжылдықтың бас кезінде болды. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы
барысында ежелгі тұрғындар арасынан бақташы тайпалар бөлініп шықты.
Көшпелі мал шаруашылығына көшу өндіргіш күштердің дамуында ілгері
басқан қадам болды. Адам еңбегі өнімді бола түсті, шаруашылықтың
мамандандырылуы артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер берді.
Мал
шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және
отырықшы түрлері болған. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты
қой шаруашылығы болды.
(15-слайд)
Көшпелі малшы және жауынгер сақтың
тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. (Пазырық,Тасмола) Олар
жауынгердің жеке меншігінде болды және иесі өлсе, бауыздалып, оның жеке
заттарымен бірге көмілген.
Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан әрі
дамыды. Ежелгі сақ заманының жүк және соғыс арбаларына тән ерекшелік-
көлік жегудің тертелі деп аталатын карапайым әдісі болды: қос ат немесе түйе
айыр тертеге жегілді, не тертенің ұшына бекітілген мойын тұрықтың екі
жағына салынған қарапайым қамытқа жегілетін болды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында сақ қоғамындагы алғашқы рулық
қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік кұрылымның қалыптасу үрдісі басталды.
Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық меншіктің
шыққанын көрсетеді.
Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери
демократия кезеңі немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды.
Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының әлеуметтік
ортақтығының жаңа және жоғарғы үлгісі
болды. Б.з.б. I-мыңжылдыктың орта
шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы
болды.
(16-слайд) Қазақстанның мал өсіруші тайпаларының отқа, жылқыға,
күнге және басқа аспан шырақтарына табынумен байланысты ғұрыптары да
тарихи тұрғыдан анықталып отыр. Сақ тайпаларының сиынатын басты кұдайы
Күн болған. Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығында
қолданбалы өнер ерекше орын алады.
(17-слайд) Оның басты компоненті
б.з.б. VII-VI ғғ. қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және
Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған «аң стилі» болды. Оның
негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды бейнелеу болды.
Бізге дейін жеткен
бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған. Қазақстан аумағында жаппай
тараған петроглифтер-жартастардағы суреттер де сақтардың бейнелеу
өнерінің ескерткіші болып табылады.
5. (18-слайд)
Б.з.б. I-мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі
Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі
мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы,
этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық
ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың алғашқылары сюнну
(ғұндар) болды. Б.з.б. III-ғ. аяғында қытай деректемелерінде пайда болған
сюнну (ғұн) атауы Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға
9
дейінгі аумақта тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген саяси құрылымға қатысты
болды.
(19-слайд) Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны
әзірше айқын емес.
Б.з.б. 206 ж. ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды. Хань
императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және
туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, ол Мөдеге өзінің
ханшасын әйелдікке берді, жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұрды.
(20-слайд)
Бұл кезде ғұндар қазіргі Кореядан Тибетке жэне Шығыс
Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аумаққа ие болды.
(21-слайд) (22-слайд) Усундер-Орталық Азия аумағындағы ертедегі
алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Усундер иеліктерінің шекарасы Шу және
Талас өзендерінің бойымен Қаратаудың шығысына дейінгі жерлер. Усундер
иеліктерінің орталығы-Іле аңғары, ордасы - «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл
мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
(23-слайд) «Усун» терминінің мағынасы әлі анықталған жоқ. Оның
қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі - ұлы жүз қазақтарының басты
этникалық компоненті «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл
транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім «асиан» этнонимі десе,
басқалар,
қазір у-сун деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде а-сман, яғни
асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалдайды. Мұны усун гуньмосына
күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан
Еліне... күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін.
Усундердің ертедегі
этникалық-саяси тарихы жеткілікті зерттелмеген.
(24-слайд) Усундерде-мал шаруашылығы егіншілікпен, ал көшпелі
тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштастырыла жүргізілді.
Қандай
формада болса да-рулық па, қауымдық па немесе жеке ме - меншіктің
болғанының бір белгісі оның ерекше бір белгімен таңбалануы. Кейінірек, қыш
ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтқанда, мініс
аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды. Жылқыға таңба салу
түрік және түркі тілдес тайпаларда б.з. VI-VIII-ғғ. кенінен тарады. Металдан,
тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғанын
көрсетеді.
Усундер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен
одақтастық қатынастар орнатты. Усундермен одақ жасасуға мүдделі болған
Хань империясы мен Ғұндар хань және ғұн ханшаларын усун гуньмоларына
күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау
шапқан кезде усундерден қорғаныш іздеген. Ежелгі усундердің қазақ және
қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен
генетикалы жағынан сабақтастық байланысы бар деп айтуға болады.
(25-слайд) Б.з.б. II-ғ. екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс
аударуы» нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның
ішінде Усун, Янцай, Қангюй мемлекеттері қалыптасты. Қангюй Қазақстан
тарихында елеулі рөл атқарды.
Оның иеліктерінің орналасқан жерін Сырдария
өзенінің орта ағысының солтүстік жағындағы далалар деп,
және оларды
Кангха мемлекетінің ұйытқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады. (26-
10
слайд) Археологтар кангюйлер мекендеген аудандардан қауыншы, отырар-
қаратау, жетіасар мәдениеттерін тапты.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінен б.з. 1-мынжылдықтың ортасына
дейін шығыс Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар Жетіасар мәдениеті
өркендеген.
Археологиялык зерттеулер мұнда бірқатар қала орындарының
тұрғын үй құрылысы мен бекіністі жүйесін ашты. Жетіасар мәдениеті тараған
атыраулық аймақта б.з.б. I-мыңжылдықтың ортасында-ақ мықты бекіністі
қамалдар пайда болады.
(27-слайд) Біздің заманымыздағы II-V-ғғ Кангюйлердің қалалары мен
қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін
қолөнер орталықтарына айналды.
Қолөнер жұмысының әйелдер үшін дәстүрлі
саласы жүн өндеу болған. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалар
қалыптасып, қолөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың
дамуын сол кезеңде жергілікті теңгелердің түрақты соғып шығарыла бастауы
дәлелдейді.
Қазіргі уақытта салмағы әртүрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты
1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі-билеушінің портреті
қырынан бейнеленген.
Біздің заманымыздағы III-IV ғғ. кангюй аумағында
Хорезм мен Шаш билеушілерінің теңгелері, қытай теңгелері пайда болуы
тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді.
(28-слайд)
Қангюйлер алыс және жақын жерлермен сауда
байланыстарын жасаған.
Кангюй Ұлы Жібек жолының орталық бөлігінің бірін
алып жатты және оның Сырдария өзенін бойлай солтүстік-батыс жақтағы-
Жайық өңіріне, Еділ бойына және одан әрі Солтүстік Кавказ бен Қара теніз
өңіріне беттейтін маңызды тармақтарын бақылап отырды. Кангюй
тұрғындарының халықаралық саудаға қосылғанын алыстағы қолөнер
орталықтарында дайындалған заттардың табылғаны растайды.
Қара теңіз
қалалары мен Сириядан шыққан түрлі түсті шыны моншақтар, Үндістаннан
қызғылт маржаннан тізілген моншақтар, піл сүйегі әкелініп, одан шаш
түйреуіштер жасалды. Жетіасар мәдениеті мен Отырар алқабының
қорымдарынан табылған янтарь моншақтар Балтық бойы янтарынан жасалған.
Кангюй тұрғындары Иран орталықтарымен белсенді байланыс жасаған.
Қоладан жасалған ерекше қарсы ілгек-фибулалардың табылуы
еуропалық қолөнер орталықтарымен байланыс орнатылғанын аңғартады.
Жетіасар, Отырар және Ташкент алқаптары қорымдарының қабірлерінен
Мысырдың көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар кездесті. Сонымен,
қолда бар археологиялық материалдар кангюйлердің қала тұрғындарының да,
көшпелі малшыларының да ¥лы Жібек жолы арқылы халықаралық сауда
жүйесіне тартылғанын дәлелдейді. (29-слайд)
Достарыңызбен бөлісу: |