АСҚАЗАН ПАТОЛОГИЯСЫ; Асқазанның, негізгі бір қызметі ішіне түскен асты қорыту, ол әрине қарын сөлінің әсерінен болады. Оның негізгі компоненті протеолиздік ферменттер — пепсиндер және түз қышқылы. Бұл жайда асқазан сілемей қабығын асқазан сөлінің ыдыратушы әсерінен сақтап қалатын сөл сілемей қабықтан шығатын сілемейлік кедергі болып табылады. Асқазанда асқорыту бұзылыстары негізіне ОНЫҢ атқаратын қызметтерінің (функцияларының) бұзылысы жатады. Сөл шыгару қызметтерінің бүзылыстары асқазан сөлінің әр түрлі қүрамдарының бөлініп шығу деңгейлерінің қалыпты ас қорытылуға қажеггілігіне сәйкес келмеуімен байланысты. Бұл бұзылыстар сипатталады: 1. асқазан сөлінің сөлді бөлуінің динамикасының уақытка бай¬ланысты бұзылуымен; 2. асқазан сөлінің көлемінің өзгерістерімен — оның көбеюімен, азаюымен немесе бөлінбеуімен (ахилия); 3. түз қышқылы жасалуының бұзылыстарының жоғарылауымсн, төмендеуімен немесе болмауымен, асқазан сөлінің қышкылдылығының өзгерістерімен; 4. пенсин бөліп шығаруының және жасалуының өзгерістерімен — кобеюімен, төмендеуімен немесе мүлдем тоқталуымен.
Асқазанның қимылдық (моторика) қызметтерінің бүзылыстары корінеді: 1. асказан қабырғасының бұлшық еттерінің тонустары шектсн тыс жогарылауымен (гипертонус), мол төмендеуімен (гипото¬нус) немесе болмауымен (атония); 2. асказан қысқыштары (сфинктер) тонусы көрінеді, оның томсндеуімен, ол кардиальдық немесе пилорустық сфинктсрдің ашық қалуымен немесе тонусының жоғарылауымен және сфинктерлер бұлшықеті спазмымен (жиырылу), кар диоспазмға (пилороспазмға) әкелуімен; 3. асказан қабырғаларының перестальтикасымен; 4. асқазаннан астың шығуымен (эвакуация) оның жылдамдауымен немесе баяулауымен, жылдам толып кету, жүрек күю немесе жүрек айну синдромдарына әкеледі.
Жиі кездесетін асқазан дерттері гастрит, жара ауруы және обыр болып табылады. ГАСТРИТ-асказан сілемей қабығының кабынуы. Бұл дертпен біздің планета халқының 85%-ы ауырады. Жіті және созылмалы гастрит болып бөлінеді, бұл түсініктер тек созылу уакытымен ғана емес, сонымен бірге морфологиялық өзгерістерімен сипатталады.