Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары


Гистологиялық құрылымына қарай асқазан обырынын келесі түрлерібар



бет8/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
лекции

Гистологиялық құрылымына қарай асқазан обырынын келесі түрлерібар; 1. аденокарцинома немесе безшелік обыр, ол құрылымына карай бірнеше нұсқасы бар және салыстырмалы жетілген ісік болып табылады; 2. обырдың дифференцияланбаған түрі: а. тұлғалы, тығыздалып жиналған жақсы дамыған арқауы бар атипиялық жасушалар болып келеді; б. сілемейлі немесе жүзік-жасушалы обыр, аса қатерлі ағымды ісік; в. скирр, арқауы үлкен, массасы салыстырмалы үлкен емес айқын атипиялы жасушалар, олар көбіне сілемейленген күйде болады.
Метастаздануы асказан обырында басым көпшілігі лимфогендік жолмен жүреді, регионалдық лимфа түйіндерінде басталады; олардың бұзылуымен байланысты метастаздар алысқа әр түрлі ағаларға жетіп өседі. Асқазан обырында ретроградтық (кері көшу) лимфогендік метастаздану болуы мүмкін, бұл жағдайда обыр жасушаларының эмболы лимфа ағысына карсы козғалады, ОНЫҢ белгілі бір ағзаға түсіп, метастаз береді (оларды көрінісін жазғанан авторлардың атымен атайды). Гемотогендік метастаздар лимфогендіктен соң дамиды және бауырды жарақаттайды, сиректеу өкпеде, бүйректерде, бүйрек үсті безінде, ұйқы безінде,ішектерде болады.
Аяқгалуы. Асқазан обыры ерте, дер кезінде және радикалды операция жасап емделсе жанға қолайлы бітеді, қалған жайларда тек өмір сүру ұзақтығын созуға бағытталып емделеді.
ІШЕКТЕР ПАТОЛОГИЯСЫ. Ішектерде асқорыту бұзылыстары оның негізгі қызметтерінің — қортылу, сорылу, моторлық және кедергілік қызметтерінің бқзыуымсн байланысты. Ішектің асқорыту қызметтерінің (бұзылуы: 1. ішек ішінде асқорыту, яғни ішек ішікі қуысында асқорыту бүзылыстары; 2. ішек кабырғасында асқорытылу, ол гидролиздік ферменттердің қагысуымен микроворсинктер мембранасынан өтетін процестер. Ішек дерттері ішінде негізгі клиникалық мән алатын онда жүретін қабынулық және ісіктік процестер болып табылады. Ащы ішек қабынуы энтерит деп аталады, тоқ ішек — колит, барлык бөліктер қабынуы — энтерколит дейді.
ЭНТЕРИТТЕР - ащы ішек процестері орнына байланысты бөлінеді: 1. дуоденит — ұлтабар ішектін қабынуы; 2 .еюнит — ащы ішектің қабынуы; 3. илеит — мықындық ішектің қабынуы;
Энтериттер ағымы жедел және созылмалы болып келеді.
Жедел энтерит инфекциялык коздырғыштар (бутулизм, сальмо¬неллез, вирустык инфекциялар және т.б.) және улы заттар (мысалы, химиялык улар, саңырауқұлақ улары және с.с) эсер етеді. Олар катаральды, фибринді, іріңді, некрозды — ойық жаралы болып келуі мүмкін. Қабыну сипаттарына карамастан энтериттерінде ішектердің және шажырқай лимфа түйіндерінің лимфоидтық аппараттарында гиперплазия байкалады. Жедел энтерит әлбетте ішектің сілемей қабығының қалпына келуімен бітеді. Кейде созыл¬малы ағым алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет