Созылмалы абструктивтік бронхит-Патогенезі және морфогенезі. Созылмалы бронхит үшін бүкіл бронхылық тараулардың диффуздық жарақатымен сипатталады. Бұл ауруда экссудативтік (сірнелі-катаральдық, іріңді- катаральдық) қабыну уақыты негізінен өте продуктивтік сипат алады. Бронхылардың сілемейлі қабығы созылмалы бронхитте гиперимияланған, бронхының қабырғаларының барлық қабаттары лимфоциттермен, нейтрофильдік лейкоциттермен, макрофактар- мен инфильтрацияланған (сіңірілген). Эпителий бірте-бірте түседі, бездері атрофияға ұшырайды, сирек емес жыпылықты эпителия метаплазияға түсіп, көпқабатты жазық эпителияға ауысады. Бронхы қабырғасындағы ұзақ ағымды қабыну бұлшықет талшықтарын және жүйке ұштарының дистрофиясына әкеледі, созылғыш арқауы атрофияға түседі және өледі (11.4-сурет). Осы өзгерістер нәтижесінде бронхылар перисталтикасы төмендейді, сондықтан оның дренаждық (тазартқыш) қызметі орындалмайды. Сілемейлі-іріңдік жалқық іркіліп тоқтайды, ондағы микробтар қабыну процесін қолдайды. Осының бірі бронхы арқылы ауаның өтуіне кедергі болады. Тамырлар склерозы және бронхының қанмен қамсыздануының бұзылуы оның қабырғаларының гипоксиясын туғызады, ол фибробластарды белсендіреді; қабырғалар склерозын күшейтеді. Бронхылар қабырғалары біркелкі болмайды, бронхылар ішінде қуыстар қалталар жасалады немесе цилиндр пішіндес болады — бұндай өзгерістер бронхоэктаздар дейді. Бұл өзгерістерге жөтел ықпал жасайды. Бронхоэктаздарға іріңдік экссудат жиналады, ондағы заттар микробтар бронхы қабырғаларының қабынуын қолдайды. Грануляциялық тін дамиды, ол полип пішіндес өседі, бронхыны тарылтады немесе толық жауып тастайды, сөйтіп өкпе бөлігінің ателектозына әкеледі.
Асқынулар. Қабыну процесіне бронхыға іргелес жатқан өкпе тіні қатысады — ошақты бронхопневмония пайда болады. Оның созылмалы жүруі қабыну ауданында склероз дамуына ықпал жасайды, перифокальдық эмфизема және пневмосклероз дамиды. Бронхоэктаздар коп-коп топталуы мүмкін, әлбетте оларда іріңдік экссудат болады. Қабырғаларын жапқан эпителий жиі метаплазияға ұшырайды, көпқабатты жазық эпителийге айналады (11.5-сурет).