Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Саңырауқұлақтардың бөлімі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар



бет5/16
Дата15.10.2023
өлшемі133,34 Kb.
#115348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Саңырауқұлақтардың бөлімі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар.
Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta, Fyngi

  1. Саңырауқұлақтардың морфологиялық құрылысы

  2. Көбею жолдарыныңерекшелігі

  3. Классификациясы, қоректенуі

Жалпы сипаттамасы. Саңырауқұлақтар төменгі сатыдағы өсімдіктердің арасындағы кең тараған бөлім, бұлардың 100 мыңнан аса түрі белгілі. Барлық саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды, сондықтан бұлар гетеротрофты ағзалар. Вегетативтік денесі мицели немесе грибиица деп аталады, олар өзара матасқан жіңішке жіпшелер гифадан тұрады. Гифалармен саңырауқұлақтар субстратқа бекиді. Жоғары сатыда дамыған саңырауқұлақтарда (қалпақша саңырауқұлақтарда) гифадан басқа жеміс денелері болады, әдетте біз саңырауқұлақ деп жүргеніміз сол жеміс денелер. Гифалардың көмегімен саңырауқұлақтар топырақтан ылғалды, суды және онда еріген қоректік заттарды сіңірді, демек гифалар тамырдың рөлін атқарады. Сондықтан саңырауқұлақтарды жинағанда оларды жұлып алмай кесіп немесе сындырып алу керек.
Саңырауқұлақтар құрылысына қарай шартты түрде екі бөлім тармағына бөлінеді төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар болып.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелиінде көлденең перделер болмайды, ал жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда мицелий көлденең перделермен бөлінген.
Саңырауқұлақтардың жеміс денесі тығыз өрімделген гифалардан тұрады. Құрылысы, формасы және түсі, реңі жағынан жеміс денелер алуан түрлі болып келеді. Саңырауқұлақтың жеміс денесі ол тіршілік ететін субстраттың үстіңгі бетінде дамиды. Көпшілік жағдай саңырауқұлақтың жемісті денесі оның көзге көрінетін бөлімін құрайды. Әдетте саңырауқұлақтың жеміс денесі қалпақшадан және түбіртек немесе аяқшадан тұрады.
Саңырауқұлақтардың көбісінің жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады, аздаған мөлшерде ақуыз, май және полифосфаттар болады. Саңырауқұлақтарда қор заты ретінде крахмал түзілмейді, оның орнына жануарлар ағзасына тән-гликоген деген зат түзіледі. Саңырауқұлақтарда жануарлар мен адамдардың ағзаларына тән-органикалық зат-креатинин болады. Саңырауқұлақтардың жасушасында 90% дейін су болады. Кейбір саңырауқұлақтардың химиялық құрамында улы заттар болады. Бірқатар саңырауқұлақтардың арнайы гифаларында, сүттеген түтікшелерінде, ақ немесе сарғыш сүтті шырындар болады. Оомицеттерге жататын аздаған саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасында целлюлоза кездеседі. Саңырауқұлақтардың жасушасы протоплазмадан бір, екі кейде бірнеше ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бір, екі, кейде оларда көп ядролы болады. Біраз саңырауқұлақтардың түсі-жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.
Саңырауқұлақтарда жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз ұлпалар болмайды, бірақ жалған ұлпалар жиі кездеседі, олар өзара матасып жатады.
Саңырауқұлақтар біржылдық, екі жылдық және көп жылдық болады. Мөлшеріне қарай саңырауқұлақтар микроскопиялық кішіден бірнеше килограммға жететіндері болды (жауын саңырауқұлағы).
Көбеюі. Саңырауқұлақтар үш жолмен көбейеді: вегетативті, жыныссыз және жынысты. Саңырауқұлақтар мицелийлердің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артоспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артоспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды.
Әртүрлі спора тасушы мүшелердің құрылуы арқылы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифалардың ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір т.с.с. споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды; олар зооспорангияда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар көпшілігі зооспорамен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай спорлар, спорангий сағағы деп аталатын ерекше миицелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі.
Экзогендік спораларды көпшілік уақытта конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп тұрады, ерекше тарамдалған не тарамдалмаға конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарынан дамиды.
Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әртүрлі болып келеді. Қарапайым саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе, құрылысы күрделілері оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолменде көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангийі, не спорангийі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік жасуша протопласы екінші бір жасушаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірдей қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірімен қосылып диплоидты ядро-кариогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңі өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза аз-ақ уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығысаңырауқұлақтардың топтарына байланысты әр түрлі болады. Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталардың ішінде 8-ден түзіледі, екінші біреулерінде базидия деп аталатын жасушалардың үстінде 4-тен экзогенді споралар түзіледі. Эндогендік споралар аскоспора, ал экзогенді спораларды базидиоспоралар деп атайды.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты өсімдіктер. Хлорофилл болмағандықтан дайын органикалық заттармен қоректенеді. Қоректену сипатына қарай саңырауқұлақтар сапрофитті және паразитті болып бөлінеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстратты мекендейді, өсімдіктермен жануарлардың қалдықтары немесе өлекселерімен қоректенеді. Паразитті саңырауқұлақтар негізінен тірі ағзаларда өсімдіктермен жануарларда паразиттік тіршілік етіп қоректенеді. Бұлардың кейбіреулері иесі тіршілігін жойғаннан кейін сапрофитті тіршілік етуге көшеді, мұндай саңырауқұлақтарды факультативті саңырауқұлақтар деп атайды. Мысалы, трутовик. Екінші бір саңырауқұлақтар жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді, бұлар сапрофитті тіршілік ете алмайды, мұндай саңырауқұлақтарды облигатты паразиттер дейді. Саңырауқұлақтардың 1 мыңдай түрі жануарлар мен адамда паразиттік тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін ылғалды субстрат қолайлы. Саңырауқұлақтардың тыныс алуы үшін оттегі де қажет, алайда ашытқы саңырауқұлақтары қантты ортада ашып, этиль спирті мен СО2 бөліп өзінен жылу шығарады. Саңырауқұлақтардың тіршілігі үшін температурада қажет. Олардың көпшілігі оптимальды температураны + 20-25º, ең төменгі +1-5 º температураны да жақсы көтереді.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қандай белгілеріне қарай және қандай кластарға бөледі?

  2. Орамжапырақ ольпидиумымен қалай күресуге болады?

  3. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән қандай белгілері бар?

  4. Саңырауқұлақтың вегетативтік денесі қалай аталады және ол неден тұрады?

  5. Саңырауқұлақтардың көбею жолдары қандай?

1.Саңырауқұлақтың талломы қалай аталады


A) Гифалар
B) Гимений
C) Жіпше
D) Гифалар, грибница
E) & Мицеллия немесе грибница
2.Саңырауқулақтың талломы неден тұрады
A) Микрофибриллден
B) & Гифадан
C) Плектенхимадан
D) Микрофибриллден, плектенхимадан
E) Жеміс денеден

3.Оомицеттер жыныссыз көбею қалай жүреді


A) & Екі талшықты зооспорамен
B) Бір талшықты зооспорамен
C) Конидиямен
D) Зооспорамен, артоспорамен
E) Спорангияспорамен
4.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қандай класстарға бөледі
A) Архимицеттер, мукорлар
B) Хитридиомицеттер, оомицеттер, аскомицеттер
C) &Архимицеттер, зигомицеттер, хитридиомицеттер
D) Зигомицеттер, базидиомицеттер, архимицеттер
E) Мукорлар, аскомицеттер, оомицеттер

5.Хитридиевтердің жыныссыз көбею ерекшеліктері


A) Зооспоралар арқылы
B) &Бір талшықты зооспоралар
C) Екі талшықты зооспоралар
D) Конидиялар арқылы
E) Споралы спорангилер арқылы




6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет