Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Фрагмобазидиомицеттер (Phragmobasidiomycetidae) класс тармағы



бет8/16
Дата15.10.2023
өлшемі133,34 Kb.
#115348
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дәріс тезистері (1)

Фрагмобазидиомицеттер (Phragmobasidiomycetidae) класс тармағы

  1. Фрагмобазидиомицеттердіңерекшеліктері

  2. Көбею және даму кезеңдері, классификациясы

  3. Кластың негізгі өкілдеріне сипаттама.

Көпшілік фрагмобазидиомицеттердің базидийлері көлденең аздаған түрлерінде ұзыннан перделермен 4 жасушаға бөлінген, оны фрагмобазидий деп атайды. Бұл класс тармағы: дрожалкалылар, авфикулялылар, қаракүйе және тат саңырауқұлақтары болып 4 - қатарға бөлінеді.


Қаракүйе саңырауқұлақтар (Ustilaginales) қатары
Барлық қаракүйе саңырауқұлақтары әр түрлі тұқымдасқа жататын жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиті. Әсіресе астық тұқымдастар өнім бермейді. Өйткені олардың масақтары біржола немесе ішінара қаракүйеге айналып кетеді. Оның споралары өте ұсақ және көп болады. Зақымдалған масақ зақымдалмаған масақпен салыстырғанда жеңіл болады, өйткені оның дәнінің ішінде телиоспора болады. Телиоспора шар пішінді, қара түсті сырты тегіс емес. Қара күйемен зақымданған өсімдіктің масағы отқа күйген секілді қараяды, аурудың «қаракүйе» деп аталуы да осыдан. Ауру көбінесе өсімдік өне бастағанда топырақтан жұғады. Дәнді дақылдарға қара күйе астық бастыру кезінде жұғады. Тұқым сепкен кезде споралар дәнмен бірге топырақ түседі. Қара күйе споралары тұқыммен бірге өне бастайды да ондағы екі ядро (дикарион) қосылып, диплоидты ядро түзеді. Ол редукциялы бөлініп 4 - жасушадан тұратын фрагмобазидийге айналады. Фрагмобазидийде гаплоидты ядролары бар әр жынысты базидиоспоралар дамиды. Базидиоспоралар базидийде отырғанда, не одан үзіліп түскеннен соң бүршіктену арқылы гаплоидты жасушалар өседі, олардың да бүршіктенуі мүмкін. Гаплоидты жасушадан індет туғыза алмайтын әлсіз мицелий өседі.
Базидиоспоралар не оның бүршіктенуінен пайда болған ұрпақтары бір-біріне қарап өсінділер беріп қосылады. Бір жасушаның ішіндегі заты екінші жасушаға ауысады, бірақ ядролары қосылмайды, сөйтіп дикарион түзіледі. Қосылатын базидиоспоралар не оның ұрпақтары тек әр түрлі жынысты болады. Екі ядролы жасуша мицелийге бастама береді де одан дикарионды мицелий өседі. Дикарионды мицелий өздігінен індет туғыза алады және ол жұқа жасуша қабығы арқылы жас өскінге еніп, оның жасуша аралығындағы кеңістікте өсе бастайды. Алғашқы кезде ауру өсімдіктің зақымдалмаған өсімдіктен көзге көрінерліктей айырмашылығы болмайды. Масақтану алдында қоректік заттардың көп келуіне байланысты, саңырауқұлақ мицелийі тез бұзылады. Мицелий қабығының астынан қоңыр түсті жаңадан қалың қабық түзіледі, ескі қабық кілегейленіп кетеді. Бұл кезде дикарион ядроларының үнемі синхронды бөлінуіне байланысты, дикарионды болып келетін мицелий ыдырап көптеген екі ядролы дөңгелек «қаракүйе» деп аталатын хламидоспораға айналады. Қаракүйемен зақымдалудың нәтижесінде осылай бүлінген гүл шоғыры жапырақ қынабынан шығып масақтанады. Мұндай жолмен тары қара күйесі, сұлы қаракүйесі, арпа қаракүйесі, бидайдың қатты сасық қаракүйесі (Tilletia caries) дамиды. Мұнда бидай дәнінің қауызы бұзылмайды, оның астында эндоспермен ұрықтың орнында телиоспоралар жатады. Мұндай қаракүйелер түрімен күресу жөніндегі барлық шаралардың ішіндегі ерекше маңыздысы – тұқымдық материалға жабысқан қаракүйесінің спораларын құртатын әдіс – улы заттармен дәрілеу.
Кейбір бидайдың (Ustilado tritici) және арпаның тозаңды қаракүйелерімен (U.wuda) астықтардың зақымдануы астық тұқымдастарының гүлденуі кезінде болады. Қаракүйе споралары жел арқылы аналықтың аузына түсіп өне бастайды, одан фрагмобазидий дамиды, бірақ онда базидиоспора түзілмейді. Фрагмобазидийдің гаплоидты жасушалары қосылып дикариондар түзеді, одан өскен дикарионды мицелий түйінге өтіп эндосперм мен ұрықты бұзбай дами береді. Зақымданған дәннің зақымдалмаған дәннен айырмашылығы болмайды, олармен бірге піседі. Келесі жылы тұқым сепкенде тұқыммен бірге өніп, оның өсу конусына өтеді, ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжиды. Сөйтіп масақтану алдында қара күйе спораларына айналады (телиоспора). Бұлармен күресу басқа қара күйеге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Қара күйенің даму циклінде ядроның дикариондық фазасы басым.
Тат саңырауқұлақ (Uredinales) қатары
Барлықтат саңырауқұлағы да жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері. Тат саңырауқұлағының мицелийі өсімдік ұлпаларының арасындағы жасуша аралық қуыстарда өседі және олардың жасуша ішінде де енуі жиі кездеседі. Органдардың бетінде қызғылт сары немесе тат түсті дақ көрінеді, бұл – түсі жағынан каротинге ұқсас, ішінде қызғылт сары пигменттері бар – споралар жиындысы. Тат саңырауқұлақтары «тат» ауруын тудырады. Сапрофитті күйде өтетін қаракүйе саңырауқұлағынан тат саңырауқұлағынын айырмашылығы – бұлар сапрофитті кезеңі болмайтын облигатты паразиттер. Тат саңырауқұлағының даму кезеңінде бірінен кейін бірі заңды түрде ауысып отыратын әр түрлі спора тасушы ағзалар болады. Таттардың көпшілігі екі иелі және олар өсімдіктің вегетативтік органдарын зақымдайды.
Пукциниялылар (Pucciniacece) тұқымдасы
Мұның 1800 ден артық түрі бар, олардың ішінде көп тараған пукциния туысы. Бұл туыстың ішінде даму кезеңі жақсы зерттелгені астықтың сызықтық яки сабақтық таты (Puccinia graminis) саңырауқұлағы. Бұл өзінің дамуын сарыағаштың (Berberis)жапырағынан бастайды. Жапырақтың әдеттегіден ұлғайған ұлпаларында қызғылт сарғыш түсті нүктелер пайда болады. Бір ядролы гаплоидты клеткалардан құралатын мицелийлер гаусторияларымен клетка аралық кеңістіктерге еніп жатады. Бұзылған ұлпаның сарғыш түсі ондағы болатын май тамшыларына байланысты. Жапырақтың жоғарғы бетінде пикнийдилер, ал төменгі жағында эцидилердамиды.
Пикнийдилерқұмыра пішінді қуыс дене. Оның қуысында тарамдалған қысқаспора түзішіжасушалар дамиды, олардың ұшынан бір ядролы пикноспоралар өседі. Пикнийдилер піскенде оның ішінен гифалар топталып қылтиып шығып тұрады, олармен бірге ішінде пикноспоралары бар иісті сұйық зат шығады. Пикноспоралар өздігінен індет туғыза алмайды. Эцидийлер шумақталған жіп сияқты дөңгелек пішінді болып, жасуша аралық қуыста жатады, оның да гифалары бір ядролы және қатар түзден дұрыс орналасқан. Эпидий піскен кезде жапырақ бетінен көтеріліп перидий қабығы екі жаққа қарай жыртылады да, эпидий ваза сияқты ашылады, оның іші толған эцидиоспора болады. Олар жел арқылы астық тұқымдасына түседі, эцидоспора қайтадан сарыағашта індет туғыза алмайды. Астық тұқымдасының жапырағына, сабағына түскен эцидоспора өніп устьице тесігі арқылы ішкі ұлпаға өтіп, онда жасуша аралық дикарионды мицелий түзеді. 5-7 күн өткеннен кейін эпидермистің астынан сопақ пішінді екі ядролы бір жасушалы қысқа сабағы бар уредоспора түзіледі. Ол эпидермистің жыртылуы арқылы босап, темірдің татындай болып көзге көрінеді де, желмен таралып бір өсімдіктен екінші өсімдікке түседі, сөйтіп бірнеше күннен кейін жаңа уредоспоралар пайда болады. Бұл процесс бір жазда 5-6 рет қайталанады.
Егін пісе бастағанда қызыл сары дақтардың орнына қара дақтар пайда бола бастайды, бұл-саңырауқұлақтың жаңа қыстық споралары немесе телейтоспоралары. Әр уредоспораның орнына, сол мицелийдің үстінде жетіледі. Ол екі клеткадан тұрады, оның қалың қоңыр түсті қабығы, екі ядросы және сағағы болады. Телейтоспораның ядролары қосылып, диплоидты ядро түзеді де, ол тек келесі жылы көктемде өсе бастайды. Мұнда алдымен диплоидты ядро редукциялы жолмен бөлінеді. Телейтоспораның әрбір клеткасынан 4 - жасушалы фрагмобазидии өседі. Әрбір фрагмобазидий жасушасынан стергима өсіп шығады, оның ұшы түйреуіштің басы сияқты буылтықтанып, ол гаплоидты базидиоспораға айналады. Астық татының базидиоспорасы желмен таралады, тек сарыағаштың жапырағына түссе ғана өніп, гаплоидты мицеллий түзеді. Осылай даму циклын қайталай береді.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Фрагобазидиомицеттер класс тармағына тән белгілер қандай?

  2. Қатты қара күйені тозаңды қара күйееден өсімдіктің сыртқы түріне қарап қалай ажыратуға болады?

  3. Қара күйенің қандай спорасын хламидоспора деп атайды?

  4. Тат саңырауқұлағының тіршілік циклі қандай және оның қара күйеден айырмашылығы қандай?

  5. Базидиальды саңырауқұлақтардың тіршілік циклінде ядро фазаларының алмасуы қандай?

1. Тат саңырауқұлағының телептоспорасы дегеніміз:
A)& Қысқы немесе күзгі спора
B) Базидиоспора
C) Күзгі спора
D) Көктемгі спора
E) Жазғы спора
2. Бидайдың қатты қара күйесін қоздырушы телептоспораның таралуы:
A) Дәнмен
B)& Топырақпен
C) Өсімдікпен
D) Жануармен
E) Адаммен
3. Астықтұқымдастардың қатты қара күйемен зақымдануы:
A) Дәннің пісуі кезінде
B) Астық бастыру кезінде
C) Масақтану кезінде
D)& Гүлдеу кезінде
E) Дән егу кезінде
4. Тат саңырауқұлағының толық дамуында түзілетін споралар:
A) Базидиоспоралар, пикноспоралар, эцидиоспоралар
B) Хламидоспоралар, уредоспоралар, телептоспоралар
C)& Телептоспоралар, уредоспоралар, пикноспоралар, эцидиоспоралар
D) Уредоспоралар, пикноспоралар, базидиоспоралар
E) Базидиоспоралар, уредоспоралар, эцидиоспоралар
5. Сызықтық татының көктемгі және қысқы споралары:
A) Пикноспоралар, уредоспоралар
B)& Телептоспоралар, уредоспоралар
C) Пикноспоралар, уредоспоралар
D) Эцидиоспоралар, пикноспоралар
E) Телептоспоралар, эцидиоспоралар






9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет