Кіріспе. Өсімдіктердің систематикасының мақсаты мен міндеті. Прокариоттар мен эукариоттар. Бөлім Көк жасыл балдырлар. Өсімдіктер систематикасының мақсаты мен міндеті. Көк-жасыл балдырлар бөлімі. Өсімдіктер системалары және таксономикалық категориялар туралы түсінік.
Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы
Көк-жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы
Кіріспе Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Бұл ғылымның аты гректің botane – көк, шөп, өсімдік деген сөзінен шыққан. Ботаника өсімдіктердің тіршілігін, ішкі және сыртқы құрылысын, олардың жер жүзінде таралуын, айналадағы табиғатпен және бір-бірімен байланысын зерттейді.
Өсімдіктер әлемі алуан түрлі. Қазіргі кезде жер бетінде 500 мыңнан астам өсімдік түрлері кездеседі, оның ішінде 200 мыңы гүлді немесе жабықтұқымдылар үлесіне тиеді. Бұрынғы кеңес одағының территориясында яғни қазіргі тәуелсіз мемлекеттер одағында 20 мыңдай өсімдік түрлері кездеседі. Кең байтақ Қазақстан жерінде ботаника М.С.Байтеновтың (1986) мәліметі бойынша 6000-ға жуық гүлді өсімдіктер өседі. Неліктен нақты мәліметтер келтірмейтіндігін айта кету керек.
Бүгінгі таңда ботаника биология ғылымдарының ішінде кең дамыған саланың бірі болып саналады, сондықтан ботаника ғылымын әртүрлі бөлімдерге бөледі. Бұл бөлімдер бір-бірімен тығыз байланыста бола тұра, олардың әр қайсысын жеке ғылым немесе жеке пән ретінде қарастыруға болады.
Өсімдіктер морфологиясы -өсімдіктердің сыртқы құрылысын, олардың мүшелерін, сыртқы ортаның әсерінен түрөзгеруін зерттейтінғылым.
Өсімдіктер анатомиясы – ішкі микроскопиялық құрылысын зерттейтін ғылым.
Өсімдіктер цитологиясы - өсімдіктер жасушасын зерттейтін ғылым.
Өсімдіктер гистологиясы – ұлпаларжөніндегі ғылым
Өсімдіктер физиологиясы – ботаниканың, өсімдік ағзасында жүріп жатқан физиологиялық процесстерді (өсу, даму, қоректену, тыныс алу т.б.) зерттейтін бөлім.
Өсімдіктер экологиясы – ботаниканың, өсімдіктің қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейтін ғылым.
Геоботаника - өсімдіктер бірлестігін (құрылысын, құрамын, дамуын, таралуын) зерттейтін бөлімі.
Палеоботаника - өліп, жойылып кеткен жер асты өсімдіктерін зерттейтін саласы.
Өсімдіктер ресурсы – ботаниканың пайдалы өсімдіктер қорын зерттейтін саласы
Өсімдіктер систематикасы - өсімдіктердің бір-бірімен ұқсастығын, айырмашылығын, туыстық байланысын, олардың шығу тегін және классификациялау (жіктеу) мақсатында оларды топтарға жинақтауын зерттейтін саласы.
Өсімдіктер систематикасының негізгі мақсаты алуан түрлі өсімдіктерді белгілі ғылыми жүйеге(систематикаға) келтіру.
Өсімдіктер систематикасының қысқаша тарихы Өсімдік – табиғат қазынасы, өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар (организм) пайдаланады. Демек адам тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты.
Адамзат қауымы өсімдіктерді өзінің қажетіне өте ертеден бері пайдаланып келеді. Алайда өсімдіктердің кейбіреулері тіршілік үшін пайдалы болса, ал енді біреулері зиянды. Мұны ертедегі адамдардың өздері де күнделікті тұрмыста кездестіріп отырған. Осыған орай, өмірдің өзі өсімдіктерді бір-бірінен айыру қажет тіршілігін тудырып, олардың әрқайсысына ат қоюды керек етті. Сол кездің өзінде адамның қажетіне жарайтын өсімдіктер санының күн сайын көбеюі оларды бір-бірінен ажырату үшін белгілі бір тәртіпке салып классификациялауға (жіктеуге) мәжбүр етті. Сол кезден ақ өсімдіктерді пайдалы және зиянды қасиеттеріне қарай: дәрі-дәрмектік өсімдіктерді бір топқа, асқа жарамдыларын екінші топқа, улы-зияндыларын үшінші топқа бөлген. Бұл кезеңде өсімдіктер өндірістік-шаруашылық қажеттілігіне қарай классификацияланды. Өсімдіктерді осылай классификациялау адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерін ғана қанағаттандыра алған.
Систематика жөніндегі ғылымның қалыптасуы мен дамуы күн санап өсіп келе жатқан өндірістің қажетіне байланысты жүрді.
Ертедегі грек ғалымы Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-322) жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасының негізін салған. Оның ботаника жөніндегі еңбектері біздің заманымызға түгел жеткен жоқ. Аристотель өсімдіктерді тірі табиғат дүниесіне жатқызса да оның құрылысын жануарларға қарағанда қарапайым деп тұжырымдайды. Ал төменгі сатыдағы өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды ол шірінділерден өздігінен пайда болады деп түсінді.
Аристотельдің шәкірті Теофраст (б.ғ.д. 372-287) өсімдіктер жөніндегі сол кездегі бар мәліметтерді жинастырып, бір системаға келтіруге тырысты. Теофраст өсімдіктердің практикалық маңызын, олардың құрылысы мен физиологиясын, өсімдіктердің географиялық таралуын қарастырып тұңғыш рет өсімдіктер системасын жасауға талаптанды. Ол өсімдіктер дүниесін ағаштар, бұталар, жартылай бұталар және шөптер деп 4 топқа бөлген. Олардың әрқайсысын мәдени және жабайы, құрғақта және суда өсетін өсімдіктер деп жіктеп өзара кіші топтарға бөліп, оларды альфавиттік ретпен жазған. Теофраст классификациясының негізіне экологиялық принципті ала отырып, өсімдіктерді тіршілік формасына қарай бөлді. Теофраст еңбегінің бір маңыздылығы: тамыр, жапырақ, сабақ сияқты морфологиялық ұғымды дұрыс анықтап, 500-ге жуық өсімдіктерге сипаттама берді. Сонымен Теофрасты ғылым тарихында «ботаниканың атасы» деп есептейді.
Көне заманның ірі ботаниктерінің бірі – Плинт Старшый. Олда Теофраст сияқты, өз заманындағы ботаникалық ілімдерді жинақтап, «Естественная история» деп аталатын 37 томдық еңбегін жазып шығарды. Ол мыңға жуық өсімдіктерді сипаттап жазған. Жылдан жылға адамдардың тіршілікте қолданатын өсімдіктердің түрлері көбейе берді. Осы жағдайда оларды бір-бірінен ажырата білу үшін алғашқы классификациялауға әрекеттер жасалды. Алғашқы классификациялау принциптері белгісіз, олар әр халықта әртүрлі өте ерте заманда болған.
Гректің табиғат зерттеушісі Аристотель жануарлар дүниесінің классификациясын жасады. Аристотельдің ботаника туралы еңбектер жойылып бізге жетпеді.
Аристотельдің шәкірті Теофрастың ботаника ғылымының дамуына қосқан үлесі өте үлкен, шексіз.
Ол өсімдіктер классификациясын қажеттігін түсіне білді. Бүкіл өсімдіктерді ол ағаштар, бұталар, жартылай бұталар және шөптер деп болды. Жербеті, құрлықтағы, өсімдіктерді мәңгі жасыл және жапырағы түсуші, су өсімдіктерін – тұщы және теңіз өсімдіктері деп жіктеді. Теофраст өсімдіктер туралы білімін оларды практикалық қолданумен тығыз байланыстырды.
Үлкенде нақты факторлардың көп жиналуына байланысты ХVІ ғасырдан бастап ХVІІ ғасырдың жартысына дейін өсімдіктер системасын құру ботаникағылымының ең негізгі мәселесі болды.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің эволюциялық дамуында көк–жасыл балдырлардың алатын орны.
Көк–жасыл балдырлардың денесінің құрылысы
Көк-жасыл балдырлардың түсі қандай пигменттерге байланысты?
Көк–жасыл балдырлар қалай көбейеді?
Көк-жасыл балдырлардың қоректенуі?
1.Өсімдіктер систематикасында төменгі бірлік не:
A) Түқымдас
B) Туыс, түр
C) & Түр
D) Түр тармағы
E) Қатар
2.Қандай системаны білесіздер
A) Тарихи
B) Жасанды, тарихи
C) Табиғи, жасанды
D) & Филогенетикалық, жасанды, табиғи
E) Тарихи, эволюциялық
3.Көк -жасыл балдырлардың сатылы даму схемасын көрсет
A) Вегетативтік көбею жіпшенің өсуі мезгілі жойылу
B) Спораның өнуі - вегетативтік кобеюі спораның көптеп түзіліуі
C)& Cпора вегетативтік көбею жіпшенің өсуі - вегетативтік бөлшектердің өлуі спораның түзілуі
D) Спораның өнуі вегетативтік көбею ересек өсімдіктің тузілуі
E) вегетативтік көбею колонияның тузілуі спораны көп мөлшерде тузілуі
4.Көк -жасыл балдырлардың клеткасында пигменттер қайда орналасқан
A) Хлопласта
B) Клетка кеңістігінде
C) & Хромотоплазмада
D) Цитоплазмада
E) Центроплазмада
5.Көк -жасыл балдырлардың клеткасында ДНК қайда орналасқан
A) Хромотоплазмада
B) Центроплазмада
C) & Нуклеотидте
D) Хромотоплазмада, нуклеотидте
E) Центроплазмада, нуклеотидте