Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет10/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Плаун тәрізділер бөлімі.

  1. Бөлімнің жалпы сипаттамасы

  2. Тең және әртүрлі споралардың биологиялық маңызы

  3. Микро- және мегаспора

Жалпы сипаттама. Плаунтәрізділер кәдімгі жапырақ сабақты өсімдік. Оларда әрқашанда тамыр болады. Плаун тәрізділерге микрофиллия – ұсақ жапырақтылық тән. Олардың өкілдерінде ұсақ жапырақ сабақта тығыз орналасады.
Плаунтәрізділер шаңжапырақтылардың ертедегі бұтағы. Бұлардың қалдығы силлур дәуірінен бастап белгілі. Полезой эрасының таскөмір дәуірінде плаунтәрізділер өте жақсы дамып олар үлкен ағаш түрінде (лепидодендрон, сигиллерия т.б.) кездескен. Олардың қалдықтары таскөмір қабаттарын түзген.
Плаунтәрізділердің қазіргі кезеді өкілдері шөптесін өсімдіктер (плаун, силягинелла).
Плаундардың жапырақтары күрделі емес, кейбірінің ұштары аздап айырша тәрізді тармақталған бір жүйкесі бар. Спорангиилары спорофиллдің жоғарғы – үстінгі бетінде немесе осьта дара-дара орналасқан. өзінің шығу тегі жағынан плаунтәрізділер псилофиттерге әсіресе Asteroxlon-ға жақын. Плаунтәрізділердің ертедегі өкілдерішөптесін өсімдіктер Asteroxlon-нан бір жағынан сүректі ағаш тәрізді плаундар, 2-ші жағынан шөптесін формалары дамыған. Плаунтәрізділердің аздаған түрі(плаун, селягинелла, полушник) біздің заманға дейі жеткен. Плаунтәрізділер бөлімі 6 қатарға бөлінеді:
1 қатар Протолепидоденралықтар (Protolipidodrndrales) бұл қатарға ең қарапайым шөптесін тек қазба қалдықтар түрінде белгілі плаундар жатады.
2 қатар Плаундар (Lycopodiales) қатары. Бұл қатарда 1 тұқымдас, 2 туыс (Плаун, Филлоглосум) кездеседі. Плаун туысы барлық жерде кең тараған 400-дей түрі белгілі. Плаун онша үлкен емес шөптесін өсімдік бірақ кейбіреуінің биіктігі 1-1,5 метр, ал тропиктік аймақта кездесетін L.Volubile түрініің сабағы 9 метрге жетеді.
ТМД территориясында плаунның 14 түрі кездеседі. Ең көп тарағаны түйрегіш плауны (L.clavatum), қылқан жапырақты, жиі балқарағай ормандарында кездеседі. Мәңгі жасыл щөптесін өсімдік биіктігі 70см кейде одан жоғары, ұзын дихотомиялық тармақталған, жер бетін төсей жататын сабағы болады. Сабақтарында ұсақ тығыз орналасқан жапырақтары болады.
Сабағының анатомиялық құрылысы әліде болса қарапайым. Жас сабақтардың құрылыс протостельді. Ересек сабақтарында – плектостель. Стельдің сыртын эпидермис қаптап жатады. Ішкі жағында қалың қабық. Қабықтың сыртқы бөлігі қалың қабырғалы жасушалардан тұратын механикалық ұлпа түрінде болады.
Сабақтың ортаңғы бөлігінде концентрикалық шоқ жатады. Шоқта ксилема бір-бірімен байланысқан лента түрінде болады. Ксилеманың арасында және оны қаптай флоема жатады. Өзегі болмайды. Шоқта камбий болмайды, сондықтан 2-ші ұлпа түзілмейді және сабақтың жуандауы болмайды.
Флоэмадан кейін бір қабат перицикл, содан кейін эндодерма жатады, эндодерма шоқты қабықтан бөліп тұрады. Плаунның стельі протостельге жақын, ол плектостель деп аталады.
Жапырақтары сырт жағынан эпидермиспен қапталған. Лептестіктері жапырақтың жоғарғы және төменгі беттерінде орналасқан. Көп қабатты мезофилл, хлорофилл дәндеріне бай жасушаларынан тұрады.
Ксилема жалпақ сатылы трахеидтен (метаксилем), сырт жағына қарай сақиналы және спиральды трахеидтен (протоксилема) тұрады.
Флоэма сүзгіш түтікшелерден және лубянды паренхимды жасушалардан тұрады. Сүзгіш түтікшелер ұзынша ұштары сүйір болып келеді. Плаундарда серік жасушалары болмайды. Лубянды паренхиманың жасушалары крахмал дәндеріне толық.
Жер бетін төсей орналасқан сабақтың астыңғы жағынан қосалқы тамырлар түзіледі. Осы күйіндегі өсімдік плаунның спорофиті деп аталады.
Көбеюі Жаздың ортасында плаунда әдетте екі сирек жағдайда 1, 3 споралы масақ түзіледі. Олар бұтаның ұшында орналасады. Масақтың осінде бір-біріне тығыз жанасып спорофилдер орналасады. Олар вегетативті жапырақтан әлдеқайда ұсақ және фомасы түсі арқылы ажыратылады. Спорофилл жұмыртқа пішінді, ұзынша, үшкір жоғарғы жағы сарғылт түске боялған.
Спорофилдің жоғарғы бетінде немесе үстінде спорангии орналасқан. Жетілген спорангиидің пішіні бүйрек тәрізді, ол спорофилға қысқа аяқша арқылы бекінеді. Спорангияда көп мөлшерде бірдей ұсақ споралар дамиды. Споралар дөңгелек пішінді сарғыш түсті. Спораның сыртқы қабығы – экзоспорий торлы, қырлары жуандаған. Ішкі қабығы - эндоспорий жұқа, спорада цитоплазма, ядро, пластид, май тамшысы болады. Спорангии спорофилдің жоғарғы жасушалар тобынан түзіледі. Спорангидің қабырғасы 3 қабатты, ең ішкі қабат – тапетум әдетте толығымен жойылып кетеді. Оның ішкі заты спора түзуге қатысады. 3 қабат қабықтың астында спорангияның споралық қабаты – археспорий орналасады.
Пісіп жетілген спорангии көлденең жарықша арқылы ашылады да, споралар спорангиядан сыртқа төгіледі.
Жерге түскен спора өсіп өнеді. өнген кезде сыртқы қабығы жарылады, спораның заты бөлінеді де өскін түзіледі демек кішкентай гаметофит түзіледі, тез арада өскінде ризоид пайда болады, гетеротрофты түрде және өте баяу дамиды. Өскіннің – гаметофиттің үстінгі бетінде антеридии және архегонии түзіледі, олардың құрылысы мүк тәрізділердің жыныс мүшелерінің құрылысына ұқсас. Антеридии толығымен өскіннің ұлпасына батып жатады. Антеридииде көптеген 2 талшықты сперматозоил дамиды. Архегонидің төменгі бөлігі өскінге батып жатады да мойны сыртқа шығып тұрады. Архегонияның қуысында жұмыртқа жасуша және каналдық жасуша дамиды.
Пісіп жетілген архегоний жоғарғы жағынан ашылады да оның ішіне сперматозоид енеді. Сперматозоидтың 1-і жұмыртқа жасушамен қосылады да сөйтіп ұрықтану процесі жүреді. Жұмыртқа жасуша ұрықтанғаннан кейін зиготадан өскінде ұрық дамып ересек өсімдік плаун – спорофитт жетіледі. Спораның өнуінен өскінде жас спорофиттің түзілуіне дейін 15-18 жыл өтеді.
Плаундарда ұрпақ алмасу болады. Спорофитт – ересек өсімдік плаун гаметофит - өскінмен алмасады. Спорофит пен гаметофитт бір-бірінен бөлек өзбетінше тіршілік етеді. Даму кезінде спорофит басым болады. Редукциялық бөліну спорангияда спора түзілу кезінде өтеді.
3 қатар Селагинеллалылар (Selaginellales) қатары
Селагенеллалылар қатарына бір туыстан 700 түрден тұратын селагенеллалылар тұқымдасы жатады. Көпшілігі тропикалық және субтропикалық облыстарда Евразия тауында (S.helvetica), Солтүстік Америкада (S.apus) ТМД елдерінде селагинелланың 8 түрі өседі.
Қазба түрінде селагинелла жоғары карбон кезінен белгілі. Селогинелла сырт түріне байланысты өте алуан түрлі. Көпшілігі үлкен емес. Әдетте жайыла өсетін шөптесін өсімдік. Кейбір тропикалық түрлерінің биіктігі 2 метрге дейін жетеді.
Селагинелланың ересек өсімдігі (спорофит) сыртқы пішін жағынан плаунға өте ұқсас.
Топыраққа дихотомиялы тармақталған жіңішке тамырлдарымен бекиді. Тамырлар бірден сабақта немесе ерекше – ризофорадан пайда болады. Ризофоралар сабақтан тарайды, экзогенді түрде пайда болады. Тамырлар ризофорада эндогенді түрде пайда болады.
Сабағының және жапырағының құрылысы плаундарға өте ұқсас.
Селагинелланың плаундармен салыстырғанда басты айырмашылығы оларда әртүрлі споралықтың пайда болуы.
Селагинеллада спорангии екі түрлі – микроспорангия және мегаспорангия. Микроспорангияда көптеген мөлшерде ұсақ споралар-микроспоралар, мегаспорангияда 4 үлкен мегаспора дамиды.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Түйреуіш плаунның тіршілік циклы қандай?

  2. Плаунда гаметофитпен спорофиттің қатынасы қандай?

  3. Түйреуіш плаунның споралы масағының, спорангийінің және спорасының құрылысы қандай?

  4. Плаундылар және Селагинеллалылар қатарының айырмашылығы қандай?

  5. Әртүрлі споралықтың пайда болуының эволюциялық маңызы қандай?

1.Плаундар және селагинеллалылар қатарынан қандай белгілеріне қарай ажыратады
A) Спорофиттің құрылысынан
B) Сабақтың анатомиялық құрылысына қарай
C) Сабағына байланысты
D) &Спорангии және спорасына байланысты
E) Гаметофиттің құрылысына қарай
2.Плаунда спорангий қай жерде орналасқан
A) Жапырақтың жоғары бетінде
B) &Масақта
C) Жапырақтың төменгі (астыңғы) жағында
D) Жапырақтың жоғары және төмен жағында
E) Жапырақтың жоғары бетінде және масақта

3.Плаундар эволюциясының қандай кезенде жатады


A) &Микрофильді
B) Макрофильді
C) Мегаспорангий
D) Микроспорангий
E) Филогенетикалық
.4. Түйрегіш плаун деген:
A)& Көп жылдық шөптесін өсімдік
B) Бұталар
C) Ағаштар
D) Бір жылдық шөптесін өсімдік
E) Аласа ағаш
5. Түйрегіш плаунның морфологиялық деңгейі:
A) Бірклеткалы
B)& Жапырақ сабақты
C) Колониальды
D) Қатпарлы
E) Жіпшелі




11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет