Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет7/16
Дата04.02.2023
өлшемі133,25 Kb.
#65144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Базидиомицеттер классы.

  1. Базидиомицеттер класының ерекшеліктері

  2. Көбею және даму кезеңдері, классификациясы

  3. Кластың негізгі өкілдеріне сипаттама

Бұл кластың 30-мыңнан астам түрі белгілі. Барлық қалпақты саңырауқұлақтар осы класқа жатады. Базидиомицеттер аскомицеттер сияқты, көп жасушалы (клеткалы) бұтақталған мицелийлерден тұрады. Базидиомицеттерде жыныс процесінің нәтижесінде түзілген кариогамия редукциялы жолмен 2 рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді. Жынысты споралар тасушы ағзасы (органы) – базидий, ал олардың базидиоспоралары экзогенді жолмен пайда болады. Базидиоспоралары сырт қарағанда өз ара ұқсас болып көрінгенмен, байқап қарағанда олардың жыныс айырмашылығы бар екені байқалады. Бір споралардан – аналық, екіншілерінен аталық жыныстық мицелийлер өсіп жетіледі. Көптеген базийдилі саңырауқұлақтарда гаплоидты базидиоспорадан бір ядролы гаплоидты мицелий өседі. Мұны алғашқы (бірнеше ретті) мицелий дейді, ол біраз уақыт өткен соң соңғы (екінші ретті) мицелиймен алмасады. Бұл жасушалардың (клеткалардың) анастомозы (жасушалардың дәнекерленуі, қосылуы басқаша жағдайда протоплазма жіпшелерінің жасуша қабығының поралары арқылы қосылып араласуы) және бір жасуша ішіндегі затының екіншіге ауысуы арқылы жүреді, бірақ ядро қосылмайды. Сөйтіп, дикарионды мицелий өседі. Көбінесе гаплоидты гетероталды мицелийлердің гифалары даму процесінде өзара кездесіп, одан екі ядролы және соңғы мицелийлер түзіледі. Аскомицеттерде дикариондардың синхронды (бірден) көбеюі жемісті денеде бірнеше рет болса, базидиомицеттердің онтогенездік дамуында бірақ рет болады.
Базидиялар құрылысына қарай әр түрлі болады. Холобазидия- біржасушалы түйреуіш тәрізді: Гетеробазидия – екі бөлімнен тұрады, төменгі кеңейтілген - гипобазидия және жоғары - эпибазидия: фрагмобазидия (телобазидия) – көлденең перделермен 4 жасушаға бөлінген.
Гимений қабығы бар жеміс денесінің жоғарғы бетін – гименофор деп атайды. Қарапайым түрлерінде гименофор тегіс, ал жоғарғы құрылыстағы түрлерінде пластика, түтікше түрінде болады.
Базидиомицеттер класына көптеген тағамдық қалпақты саңырауқұлақтар, көптеген улы түрлері жатады. Бұл кластың арасында сапрофит және паразит саңырауқұлақтар бар.
Базидийдің дамуына және құрылысына қарай базидиомицеттерді холобазидиомицеттер және фрагмобазидиомицеттер деп2 - класс тармағына бөледі.


Гименомицеттер қатарының тобы
Гиминомицеттерге қалпақты саңырауқұлақтардың көбі соның ішінде барлық дерлік тағамдық саңырауқұлақтар. Жеміс денесі ашық етженді болады да саңырауқұлақтың негізгі массасын құрайды және ол қалпақтан, түбіршік (аяқшадан) тұрады. Жеміс денесінде, қалпағының астыңғы жағында гифаларының тығыз өрімденуінен ерекше тығыз спора түзуші гимениальды қабат болады. Осы қабаттың болуы бұл топтың басты ерекшелігі. Гимений бар жеміс денесінің астыңғы беті гименофор деп аталады. Гименофор пластикалы және түтікшелі болады. Пластикалы гименофоры бар жеуге жарайтын саңырауқұлақтарға мыналар жатады: лисичка, опенок, рыжик, груздь, шампиньон; ал улы және зиянды саңырауқұлақтардан: погонка, мухомор. Түтікшелі гименофоры бар саңырауқұлақтарға: нағыз трутовик, ақ саңырауқұлақ, қайыңқұлақ, терекқұлақ саңырауқұлағы.
Гименомицеттерді көпшілік микологтар афиллофоралылар (Aphyllophorales) және агарикалылар (Agaricales) деп 2 - қатарға жіктейді.


Афиллофоралылар немесе Пориелылар (Aphyllophoralls Poriales) қатары
Гиминофор қабаттары әр түрлі, тек пластикалы түрлері болмайды. Жемісті денелерінің де пішіні түрліше, аздаған түрлерінде қалпағы мен түбірі болады. Бұлар бірнеше тұқымдастарға бөлінеді.
Практикалық маңызы бар тұқымдастар Мерулиялылар (Meruliaceae) және трутовиктер (Polyporaceae).
Мерулиялылар тұқымдасының көп тараған өкілі – үй саңырауқұлағы (Merulius lacrymons). Бұл ағаштан жасалған құрылыстарды бұзатын қауіпті сапрофитті саңырауқұлақ. Ол сүректің бетінде мақта тәрізді жиналып өседі де кейіннен жұқа қабыршақтарға ыдырайды. Жемісті денелері субстратқа жайылып жатады. Үй саңырауқұлағы споралар мен мицелийдің бөліктері арқылы таралады. Саңырауқұлақ дымқылдығы 19-20% дейін баратын ағаштарда жақсы өседі. Олардың мицелийі ағаштың қатайған қабығындағы целлюлозамен қоректенеді. Бұл саңырауқұлақтан қорғанудың бастышарты құрылыстың санитарлық ерекшеліктерін толық сақтау, саңырауқұлақпен зақымданған ағаштарды өртеп жіберу, соныменқатар зақымдалмаған ағаштарды фторлы натрий,смола және басқа химикаттармен өңдеу.
Трутовик тұқымдасы. Бұл тұқымдастың гименофоры жемісті дененіңтөменгі жағында тұратын тік түтікшелер түрінде болады.Түтікшелердің іші гименийқабатымен қапталған, олар бір-біріменматасқан гифалармен бөлінген. Жемісті денелері пластинка не таға пішінді, көбінесе сүректенген болып келеді, олардың мөлшері бірнеше мм ондаған см. дейін жетеді.
Көптеген трутовиктер ағаштардың діңіне жабысқан тұяқ не таға тәрізді бір жылдық немесе көп жылдық жемісті денелер түрінде паразиттік тіршілік етеді. Бұларға сұр жемісті денесі бар нағыз трутовик (Fomes fomentarius), жоғары жағы жарылған қоңыр сұр жемісті денесі бар жалған трутовик, ақшыл жемісті денесі бар бал қарағай трутовигі т.б. жатады. Кейде бұл жемісті денелер өте үлкен болып өседі, өйткені жыл сайын ескі гименофордың үстіне жаңасы қосылып, қабаттасып отырады. Бұған қарап трутовиктің жасын айыруға болады. Ағашқа саңырауқұлақ споралары қабықтың жарылған жері арқылы түседі. Мицелий ағаш сүрегінде үлкейіп өседі және ферменттері арқылы пектин заттарын, лигнийді және целлюлозаны ерітеді. Соның салдарынан сүрек үгітілгіш кеуек келеді. Ағаштың жоғары ұшы қурайды да оны жел оңай құлатады. Енді тіршілігін жойған ағашта трутовик сапрофитті тіршілікке көшеді.
Бұл тұқымдасқа жемісті денесі етті жұмсақ келетін түрлер де жатады. Мысалы қайың трутовигі (Piptoporus betulinus) таза қайыңды орманды жерлерде өседі.
Агарикалылар (Agaricales) қатары
Агарикалылар қатары гименофорының пластинкалы нетүтікті болуымен сипатталады және олар қалпақты жемісті дененің төменгі жағында орналасады.
Агарикалылардың басым көпшілігі орманды, шабындық, батпақты, далалы жерлердің топырағында кездесетін сапрофиттер, біраз түрлері микориза құруға қатысады.
Бұл қатар пластикалылар немесе агарикалылар және ақ саңырауқұлақ немесе болетуыстар болып екі тұқымдасқа бөлінеді
Агарикалылар тұқымдасы. Бұл тұқымдастың жемісті денесінің төменгі жағында гименофоры пластинка тәрізді. Жемісті денелері көбінесе қалпақтан және түбірден тұрады. Бұлардың көбісі құнарлы топырақта өсетін сапрофиттер, біразы микориза құруға қатысады, аздаған түрі паразитт күйінде кездеседі. Пластинканың ортаңғы бөлімінің біраз жерінде жыныссыз гифалардан трама деп аталатын ткань түзіледі. Трама мен гименийдің арасында көп клеткалы базидий өсіп дамитын субгимениальды қабат орналасады. Бұл тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың біраз түрі жеуге жорамды. Шампиньон, екі споралы шампиньон (Agaricus bisporus) арнаулы теплицаларда өсіріледі де қыс бойы етженді жеміс денелер береді. Бұлардың мицелийлері топырақ арасында жатады. Сондықтан жейтін саңырауқұлақтарды жинағанда, мицелийлеріне зақым келтірмеу керек.

Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Базидиомицеттердің классификациясы неге негізделіп жасалған?

  2. Холобазидиомицеттер класс тармағына тән белгілер?

  3. Саңырауқұлақтың жеміс денесінің қай бөлімін гименофор деп атайды?

  4. Холобазидиомицеттер өкілдерінде гименофордың қандай типтері бар?

  5. Үй саңырауқұлағы, трутовик, шампиньон саңырауқұлақтарының практикалық маңызы қандай?

1.Базидиомицеттер классификациясының негізгі принципі:
A) Ядро фазасының алмасуы
B) Базидияның құрылысы
C) Жыныстық көбею
D) Жыныссыз көбею
E)& Базидия түзілуі

2. Холобазидиомицеттер өкілдерінде кездесетін гименофордың типтері:


A) Дөңгелек, пластинкалы
B) Тікенек, түтікшелі
C)& Гимениальды қабаты бар, жеміс дененің үстіңгі беті
D) Гимениальды қабаты бар, жеміс дененің үстіңгі беті
E) Эпибазидия
3.Саңырауқұлақтарға тән қоректену:
A) Фототрофты
B)& Гетеротрофты
C) Автотрофты
D) Миксотрофты
E) Хемотрофты
4. Паразит саңырауқұлақ:
A) Қайыңқұлақ
B) Сморчок
C) Шампиньон
D) Пеницилл
E)& Трутовик
5. Саңырауқұлақтан жеміс денесінің гименофоры дегеніміз:
A) Гипобазидия
B) Парафиз
C) Гимениальды қабаты бар, жеміс дененің үстіңгі беті
D)& Гимениальды қабаты бар, жеміс дененің үстіңгі беті
E) Эпибазидия






8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет