ПББ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылады.
ПББ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагогтің өтінішіне сәйкес өткізіледі.
Ерекше жағдайларда (форс-мажорлық жағдайлар) педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі бес жыл өткен кезде аттестаттау комиссиясы оның қолданылу мерзімін күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартады.
Педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген, педагогикалық қызмет өтілі жоқ кандидаттар ПББ табысты өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Осы өтілі жоқ кандидаттар үшін білім беру ұйымында "педагог-тағылымдамашы" біліктілік санаты беріледі.
ПББ:
педагогтер:
күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде. Сынақ/ақылы тестілеу нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:
күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) рет – ақысыз;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылы 4 (төрт) рет – тегін;
сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішіндеақылы негізде. Сынақ/ақылы тестілеу нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды.
ПББ келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа):