Дәріс аттестациялау



бет1/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Дәріс 8. АТТЕСТАЦИЯЛАУ

  • Атқаратын лауазымына сәйкестігін міндетті аттестаттау.
  • Педагогтардың біліктілік санатын анықтау мақсатында аттестаттау.
  • Нормативтік акті:

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы бұйрық. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.//https://zakon.uchet.kz/rus/docs/V1600013317

  • Атқаратын лауазымына сәйкестігін міндетті аттестаттау.
  • Аттестаттау – Педагогтерді аттестаттаудан өткізу Қағидаларына сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);

    Біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады.

    Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Оның мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттауға арналған комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.

Олар білім беру ұйымдарында келесі санаттар үшін құрылады:

  • «педагог-тағылымдамашы», «педагог»;
  • аудандық, облыстық маңызы бар қалалық білім бөлімінің органдарында:
  • «педагог-модератор» (педагогтер мен әдіскерлер үшін);
  • «үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (басшы орынбасарлары үшін);
  • «басшы-ұйымдастырушы» (басшылар үшін);
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда;
  • «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (педагогтер мен әдіскерлер үшін);
  • «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтер мен әдіскерлер үшін);
  • «педагог-шебер» (әдіскерлер үшін);
  • «бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (басшы орынбасарлары үшін);
  • «басшы-менеджер»; «басшы-көшбасшы» (басшылар үшін);
  • білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында:
  • «педагог-шебер» (педагогтер үшін);
  • «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (тиісті саланың уәкілетті органының бағынысты білім беру ұйымдары үшін).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет