Дәріс Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі16,61 Kb.
#14653
1   2   3   4
Еліктеу әдісіне. Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден гөрі біршама қарқындырақ сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да қайталайды, оның сөзіне еліктейді сөйлеу қимылын үйренуге және мағынасын түсінуге тырысады. Затты қимылды және т.б көрсететін дыбыс комплекстердің мәліметін салыстырады. Мұндай да тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу сақауланбау шолжандамау ас маңызды. Бұл әдісті қолдануда сәби шағынан бастап кейінгі шақтарда тек балалар бақшасында ған емес, мектепте, тіпті есейгенде де жалғастырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде айталық баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болу мүмкін.

Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.

Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын қимылын атайды. Мұндайда тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. Мынау қандай шар кішкентайма көкпе мына машина жүреме әлде тоқтап қалдыма автомобиль қалай белгі береді паравоз ше пароход ше деп сұрайды ересек адам бала жауап бере отырып, тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: кішкентай, жүреді, би-би, ту-ту, гу-у-у, сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.

Баланың құрылыс салуына көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге кажетті өзінің іс-әрекетін атайды.

Сюжетті драмалық – рөлдік, режиссерлік ойын процесінде тіл дамыту үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады. Рөлдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әңгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: Мамам балаларды тамақтандырып жатыр, тракторшы жер жыртып жүр, электр монтері немесе газ жөндеуші немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді, мұғалім мектепте балаларды оқытады, космонавт Айға ұшады, және т.б. Бала ересек адамның қимылын сол қимылмен айталатын сөзінде қайталайды.

Режиссерлік ойында балалар өздері рөл алмай, оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді: сюжеттерді балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парат, ұрыс және сс балаға оның өмірлік тәжирибиесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет