Дәріс Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі16,61 Kb.
#14653
1   2   3   4
Оқыту тәсілдері.

Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен еліктеу әдісімен келтірілді. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Белгілі бір әдістің қолданылу вариантың, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидатикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің негізі енгізілуін тәсіл деп атаймыз. Сонымен еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:



  1. Айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау-жоғары да айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді:

  2. Ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып ғана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды электр монтері қонаққа бару ойынында балалар зат есімді меңгереді, қызыл телпек пен сұр қасқырды ойнағанда балалар диолог сөздерді байланыстыруға үйренеді:

  3. Сөз үлгісіне сүйену сөзді елестету тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды. су,су менім бетімді жу.

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді, ал үйренуші дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: шығармашылықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы: еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа суреттерді, тірі обектілерді, жануарларды, өсімдіктерді, диафильмді, магнитофонды және басқаларды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.

Сөйлесу әдісі. Бала үшін орындалуы анағұрлым қиын оның тілін үйрету әдісі сөйлесу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі әңгімелесу әдісі депте атайды.

Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуіде сөйлейді, бірақ бір сөзді емес, әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті мәтінді еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет