Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі əдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тəсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі қалыптасуын жəне бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды.
Жеке тұлғаға бағытталған əдіс негізіндегі педагогикалық технологиялар:
Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.);
Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.);
Ынтымақтастықтың педагогикасы;
Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.);
Ойын технологиялары;
Дамыту технологиялары;
Проблемалық тəлім-тəрбие;
Деңгейлік саралау технологиясы.
Тұлғаға бағытталған оқыту–бұл
Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі;
Оқушы тұлғасын тану жəне қадірлеу;
Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
Балалармен ынтымақтастық;
Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
Оқыту үдерісінде балалардың тұлғалық тəжірибесін есепке