Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет6/60
Дата25.03.2022
өлшемі0,69 Mb.
#28763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
ДӘРІС 2

Педагогикалық технологиялардың негізгі

элементтері
Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.

  1. Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нəтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.

  2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа сəйкес болжау жұмысы болады жəне ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.

  3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.

  4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталады.

  5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:

  • қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;

  • оқушылардың көп жіберетін қателіктері;

  • оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шараларының жүйесі.

4.1. Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Педагогикалық технология Классификациясы

1.1. Пайдалану деңгейі бойынша Жалпы педагогикалық жеке пəндік жəне əдістемелік, жергілікті, модульді жəне тар əдістемелік.

1.2. Философиялық негізі Материализм жəне идеализм;

бойынша ғылым, дін жəне табиғи жинақылық,

гуманизм жəне антигуманизм,

антрософия жəне теософия,

прагматизм жəне экзастенциализм,

еркін тəрбие жəне еркіндік.

1.3. Психологиялық дамудың жетекші факторлары бойынша Биогендік, социогендік, психогендік, идеалистік.

1.4. Тəжірибені меңгерудегі Құрамды-рефлекторлы. Гештальд

ғылыми тұжырымдама технологиялары интериогаторлық,

бойынша сугистивтік, нейтролингвистік

бағдарламалары.

1.5. Жеке бас құрылымының бағыты бойынша Ақпараттық ББД. Ықпалды ақыл- ой-əрекет əдістері, өзіндік дамыту

– жеке бастың басқару механизмі, сезімді-өнегелілік. Эстетикалық жəне өнегелілік қарым-қатынас аумағы, қолданбалық практикалық əрекет аумағы, эвристикалық, шығармашылық қабілеттілік.
Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері
Қазіргі заманғы педагогикалық технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: оқу үдерісін интен- сивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми- əдістемелік, оқыту-əдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тəрбиенің негізі.

Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – мектепте жəне жоғары оқу орындарында оқыту. Екінші – өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тəрбиелеу, оқыту – егіз ұғым.

Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама блоктық, модельді болып бөлінуі. Осылардың əрқайсысына қысқаша тоқталайық.


  1. Сызықтық – оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады.

  2. Тармақтық – оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.

  3. Адаптивті – өзінің меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материал- дың күрделілік дəрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды қолдана алу.

  4. Аралас бағдарламада сызықтық тармақтық, алгоритм бойынша есептеуді қолданады.

  5. Блок түрінде беру бағдарламасы оқушылардың əртүрлі интеллектуалды операцияларды орындауында, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.

  6. Модульді оқыту – блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет