Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі



бет58/60
Дата25.03.2022
өлшемі0,69 Mb.
#28763
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
ДӘРІС 2

Ұжымдық оқыту технологиясы

(В. К. Дяченко, А. Г. Ривин)
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне дарындылар, оқудың ұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнынмеңгерубірлігіне бөлу(авторлық нұсқада ойлаусағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:

  • дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды

қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;

  • таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жəне оқу қорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі модификациялары бар.

Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:

  • əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз, сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та- рауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін);

  • қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім

  • оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады;

  • жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с.

Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе ұйымдастырылған диалогқа қатысқандардың ата-тектері жəне барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі.

Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында əрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мəртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Мұғалімде біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданына дұрыс əсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге əкеледі.

12.1. Топтық оқыту технологиясы
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша топтық оқыту тəсілдерінің ұйымдастыру жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық, жекеше. Осылардың ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ. Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дəріс- семинарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық əдістер тəрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық шарттардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс қарым-қатынас жəне бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың психология-педагогикалық негіздемесі:

1. Іс-əрекет принципін жүзеге асыру.

2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру.

3. Білімді жалпы жəне толық бақылау.

4. Оқу ұжымындағы психологиялық жағымды жағдайдың қалыптасуы.

5. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі.

6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.

Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы жəне оқушылар арасында өзара қарым-қатынастың болуы топтық оқытудың маңыздылығын көрсетеді. Топтық оқыту кезінде балалар тыңдай білуге, жолдастарының пікірімен санасуға, жанжал, тартыстарды шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп əрекет ету арқылы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады, оқу үлгерімі артады, өзін-өзі құрметтеу сезімін тəрбиелейді, сыныптағы достық ұлғаяды, мектепке деген қарым-қатынасы өзгере бастайды, өзара көмектің құндылығын мойындайды.

Топтық оқытудың төрт типі белгіленген:

1. Жұптық оқыту.

2. Бірге отырған топтар.

3. Шағын командалар.

4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.

В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар

мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі оқытудың ұйымдастырушылық формасын айқындайды. Қарым- қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым- қатынас түрі құрайды. Ал оқытудың ұйымдастыру формасына жұптық (біреуі екіншісін оқытады), топтық (біреуі бір мезгілде бірнеше адамды оқытады), ұжымдық (əрқайсысы əрқайсысын оқытады) жəне жекеше формалары жатады. Оқытудың ұжымдық түрі əр оқушы əрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады. В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тəсілі мен топтық оқыту тəсілдерінің ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.
Топтық жəне ұжымдық оқытуды салыстыру

Топтық оқыту тəсілі Ұжымдық оқыту тəсілі

Ұйымдастырушылық:

Нақтылық Нақтылық жоқ

Бір бала сөйлейді Барлығы сөйлейді

Оқушылар қарым-қатынасы шектеулі Оқушылар бір-бірімен қарым- қатынас жасайды

Үнсіздік, тыныштық Жұмыс барысындағы шу

Тұрақты жұмыс орны Жұмыс орны ауысып отырады

Дидактикалық:

Кəсіби педагог оқытады Оқушылар оқытады

Барлық материал бірден барлығына беріледі Қарқын жəне материал əртүрлі

Өз бетінше жұмыстың аз болуы Толық өз бетінше жұмыс

Ынтымақтастық жоқ Ынтымақтастық – оқыту негізі

Меңгеруі жəне қолдануы шашыраңқы Максималды жақындатылған

Дамытушылық:

Оқушы – объект Оқушы – субъект жəне объект

Балалардың қабілеттерінің теңестірілуі Жеке ерекшеліктеріне байланысты

Оқытудың жүйелілігі Аяқ астынан болуы

Ел алдына шығып сөйлеуге үйренбейді Ел алдына шығып сөйлеуге, талдауға, дəлелдеуге үйренеді.

Түсіндіре алмайды Педагогикалық қабілеттерін дамытады.


Тəрбиелік:

Əрқайсысы

істейді. өзі үшін жұмыс Өзі жəне басқалар

жұмыс істейді. үшін де

Ұжымдық емес қарым-қатынас Ұжымдық қарым-қатынас


Топтық оқыту кезінде ережелерді анықтап, оларды үйрету керек. Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді беру немесе өз беттерінше ережелерді ойлап шығаруды ұсынған жөн. Бұл ережелерді толық талдау керек. Бес ережеден артық болмауы керек. Не істеу керектігі нақты түрде жазылғаны дұрыс. Ереже көрнекті жерге жазылуы керек. Белгіленген ережелерді ойынға қатысушылардың барлығы қатаң орындауы тиіс. Шамамен төмендегідей ережелерді ұсынуға болады:

- жылдам жəне шуылдамай бірнеше топ құрыңдар;

- қажетті материалдарды дайындаңдар;

- ақырын сөйлеңдер;

- жолдастарыңның айтқанын мұқият тыңдаңдар;

- өз тапсырмаларыңды көңіл қойып орындаңдар.

Балалар алдарына қойған нақты міндеттерден басқа сабақтың мақсатын да білуі керек. Балаларға көбірек тапсырма беру олардың жұмыстағы қарқынын өзгертуге көмектеседі. Тапсырманы бөлген кезде əр оқушыға оның орындалу уақытын көрсету қажет. Жұмыс соңында міндетті түрде балалардың жұмыстарын талдау қажет. Жоғарғы жетістіктерге жету үшін ережелерді оқып, топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, жауапкершілікке үйреніп, топтық оқыту мен тапсырмалардың өзара сəйкестігіне назар аудару қажет.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Ұжымдық жəне топтық оқыту технологияларының қазіргі кездегі жағдайын анықтаңыз.

2. Ұжымдық оқыту мен топтық оқытуды сын тұрғысынан оқыту технологиясымен салыстырып, талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:

1. Дъяченко В. К. Сотрудничество в обучении. Просвещение, 1991.

2. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников // Под.ред. И. Б. Первина. М.: Педагогика, 1985.

3. Лиймитес Х. И. Групповая работа на уроке. М.: Просвещение, 1975.

4. Миртов А. В. Сочинение в школе. Уроки коллективного творчества // Литература в школе. – 2006.

5. Поливанов Н. И., Ривина И. В. Принципы и формы организации совместной учебной деятельности // Психологическая наука и образование. – 1996.

6. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование, 2001.

7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –

Алматы, 2004.

9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

10. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

11. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А.П.Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

12. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

13. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.2. Компьютерлік оқыту технологиясы
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» – жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе

жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.

Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы – əлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық- техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Интерактивті тақта дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio про- граммасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,

мультимедиялық проектор жəне ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам дегеніміз не?

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы жəне компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard

– интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сəулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудито- рияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дис- плейде жазылған жазуларды компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материал- дарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың

нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу əдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды жəне де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мəтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нəтижесі кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нəтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады

ACTIVstudio программасы. ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге жəне оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard жəне ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презента- цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге жəне басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға жəне оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе əр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау жəне ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын қазіргі заманғы педагогикалық технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты жəне динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD- ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне т.б. əрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі:

- Пəн бойынша базалық білімді меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу;

- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде əдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % жəне көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- жəне видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты əрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік- бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім

– оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.

Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екені байқалады. Оларға:



  • бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту үдерісіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оқытудың жаңа əдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-əрекетін компьютерлік ойындар жəне т.б.) сабақта жиі қолдану;

  • проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта жəне мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мəтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді жəне бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-əрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін жəне барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үдерісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан жəне т.б. пəндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады жəне сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мəтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат əзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап- сырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жа- сырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) жəне дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет,

сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдас- тыруға мүмкіншілік береді.

Прожектор жəне Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған.

Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған.

Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға əзір белгісіз ақпаратты) жəне материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігінде көрсету.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?

Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты əсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үдеріс.

Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мəселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат



  • оқушының қоршаған əлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Компьютермен оқыту – оқушыны субъект дəрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру əрекеті.

Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:


  • талдау-болжау қызметі;

  • жобалау қызметі;

  • коммуникативтік қызметі;

  • дидактикалық қызметі;

  • бақылау-түзету қызметі;

  • психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі.

Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы – көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.

Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманистік сипатын көрсетеді.

Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді.

Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»? – деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес. Осы мəселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар бастауыш сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мəтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді.



Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.

Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына əкеп соқтырады деп санайды.

Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып, дəлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым- қатынасқа бас ұрулары əбден мүмкін.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың жағдайында оқушылардың білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның бірі оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолдану болып табылады.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Зерттеуіміз көрсеткендей, кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Осы принципті басшылыққа ала отырып, Ə. І. Тəжіғұлова «Кəсіптік білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық принциптері» деп

аталатын кандидаттық диссертациясында мынадай мəселелерді қарастырған: кəсіптік білімді ақпараттандырудың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мəселелерінің жағдайын жəне даму тенденциясын зерттеуді, кəсіптік білімді ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясын негіздеу, сондай-ақ кəсіптік білімді ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтардың тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді қарастырған.

Оқу үдерісінде соның ішінде, математикадан мəтінді есептерді шығару барысында компьютерлік технологияларды жəне электрондық оқулықтарды пайдалану оқытудың мотивациясын күшейтіп, оқушылардың сабаққа белсенді жəне қызыға қатысуына жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.

Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымсн қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сəйксс келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу əрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып-үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.

Электрондық оқулық – оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:


  • кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; жəне оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

  • гипермəтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • белгілі бір пəнге байланысты дайындалатын электрондық оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы; электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дəріс мəтінін қамтитын негізгі зертханалық жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші, аралық жəне қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған əдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

  • электрондық оқулықтың кəдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты, əрі қысқа берілуін ескеру;

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Сонымен, электрондық оқулықтар мен үйретуші бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері – бұл оқушыларға өз бетімен есеп шығаруға, ізденуге, өз жұмысының нəтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына жəне жеткен жетістіктерінен лəззат алуға мүмкіндік беруі.

Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы. Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың (АҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) жəне интернеттік технологиялардың (ИТ) отандық жəне шетелдік педагогикалық ғылымда жəне білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде оқу, тəрбие үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш сынып оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика есептерін өздігінен шығару біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген жəне педагогикалық тұрғыдан тиімді əдістемесін жасау қажеттігі туындайды.

Бастауыш білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік іс- əрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты жəне тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды. Осыған орай, мектептегі дəстүрлі сабақтардан өзге, жаңаша сабақтар ұйымдастыру қажеттілігі жəне мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгеретіндігі байқалады. Сондықтан заман ағымына қарай күнделікті сабақта компьютерлік технологияларды қолдану айтарлықтай нəтижелер беретіндігі айқындалды.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесіне байланысты шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде жəне осы мəселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері бар.

Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшін компьютерді қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде мектеп жасындағы жəне мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея алынды: 1) интеллектуалдық дамудағы маңызды өзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы мүмкін; 2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол



  • компьютердің жедел қарқынмен қолданылуы. Осы зерттеулердің нəтижесінің бірі – балалар үшін «ЛОГО» бағдарламасын түзу болды. Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр. Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен əкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта жəне толық орта мектептің оқушылары қатысқан. Эксперимент үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, олардың қол жеткізген табыстарын компьютермен жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан əзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы зерттеулердің нəтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, жүргізілді.

Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.

ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық- қатынастық технологияның негізін салушылардың бірі И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың көптеген мəселелеріне байланысты. Ол еңбектерді талдай отырып, біз компьютерлік технологияны бастауыш сынып оқушыларын математикалық есептерді шығаруға үйретуде компьютерлік технологияның ететін əсері зор екенін анықтадық. Екінші бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық принциптерін жəне ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған.

Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру мəселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми мектептері бар. Олар:


  • профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мəселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үдерісінде əртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың əдістемесі жасалған (Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова жəне т.б.);

  • профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға əдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пəнін оқыту жəне информатик мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова, Г. Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова жəне т.б.);

  • профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қа- тынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде пайдалану, орта жəне жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т.б.).

Р. С. Шуақбаева «Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен шығаруға үйрету əдістемесі» атты диссертациялық жұмысында, егер көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйрету барысында компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану əдістемесі жасалынса, онда оқушыларды есептер шығаруға үйретудің сапасы артады, өйткені бұл жағдайда оқушылардың кеңістікті елестету қабілеттері мен дағдысы қалыптасып, көпжақтар элементтерінің арасындағы байланыстарды өз дəрежесінде сапалы игеретінін анықтады.

Б. Т. Абыканова «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер оқушылардың танымдық іс-əрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен əрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп білім сапасының артатынын анықтаған.

Еліміздегі саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылуда.

XX ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда бастауыш мектеп пəндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нəтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп – оқыту үдерісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары əлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда əрбір жеке тұлға оқу жəне жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға жəне əрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Əрбір елдің технологиялық даму дəрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің əлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық жəне саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мəселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, əлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру жəне қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үдерісінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға жəне оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тəуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық əдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Мектептердің білім деңгейін көтеру жəне онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тəрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп мұғалімдерінің, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пəндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер жəне интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нəтижесінде өздерінің кəсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын жəне жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкін- дігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.

Оқу үдерісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тəжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дəстүрлі оқыту əдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Компьютерлік технологияларды қолданып бастауыш мектеп оқушыларын математика есептерін шығаруға үйрету болғандықтан, енді Қазақстанда бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдану мəселесіне байланысты айналысқан Ж. Ы. Сардарова, А. Ө. Байдыбекова, А. Б. Медешовалардың еңбектеріне тоқталайық. Ж. Ы. Сардарова «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы мен практикасы» тақырыбындағы докторлық диссертациясында егер білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-əдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде жүзеге асыру жолдары анықталса жəне ақпараттық сауаттылық қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тəрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, əрекеттенетін іскер де

шығармашыл болуға баулиды.

А. Ө. Байдыбекова «Бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану» атты диссертациялық жұмысының мақсаты – бастауыш мектептің математика пəндерін оқыту үдерісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу жəне компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып оқушыларының оқу іс-əрекеттерін қалыптастырып, одан əрі дамытуға арналған.

А. Б. Медешова «Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген.

Ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, білім сапасын көтеруде бастауыш сатының алатын орны ерекше екендігі белгілі. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру мəселесі əлі де болса жеткілікті дəрежеде ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттелмегені айқындалып, біріншіден, бастауыш сатыдағы білім беру үдерісі дəстүрлі əдіс арқылы ұйымдастырумен шектеліп қалуда, ал дəстүрлі білім беру ұсынылып отырған білім мазмұнын толық меңгеруге кепілдік бермейтінін жəне оған сəйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі нашар дамитынын қазіргі бастауыш мектеп тəжірибиесі көрсетіп отыр. Екіншіден, оқушылардың оқу икемділігін дамыту олардың оқу іс-əрекетінің ұйымдастырылуына, ол білім мазмұнының берілуіне тəуелді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының компьютермен жұмыс жасауға қызығушылықтары байқалады, бұған бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен икемділіктің қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының сапалы білім алуы үшін ақпараттық технологияны қолдану əдістемесін жасау талап етіледі жəне мұны бүгіннің өзінде жасау қажет екендігін анықтаған.

Көптеген жаңашыл ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру мəселелері айқындалады.

Ақпараттық технологияны пайдалану негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі оған қажетті мазмұндық жобалау, іс-əрекеттік, технологиялық шарттарды орындағанда ғана мүмкін болатындығын көрсеткен. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың құрылымдық моделі жасалған.

Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың көрнектілігін арттыруға, математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда олардың дерексіздендіруден (абстрактілігінен) туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың, оқу əрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру мəселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды.

Ақпараттықтехнологиялардыпайдалану,сондай-ақкомпьютерлік технологияларды жасау мен қолдануды қажет етеді. Ол бағдарламада дəстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда математика сабағында компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен мəселенің шешуін іздеуге ұмтылысын оятады.

Демек, бастауыш сынып оқушыларында математикалық

есептерді шығаруға қажетті біліктіліктерді қалыптастыруда компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы зор десек қателеспейміз.

Психологтардың пікірлерінше, оқушының негізгі логикалық ойлау құрылымы, оның интеллектті 5 жастан 11 жас аралығында қалыптасады екен. Осы жаста теориялық сана мен ойлау пайда болып, тиісті қабілеттер (рефлексия, талдау, ойша жоспарлау) дамып, осы жаста балаларда оқуға деген қажеттіліктің мотиві де пайда болады.

Екінші жағынан балалардың іс-əрекетіндегі сүйікті форма – ойын екені де белгілі. ССРО-дағы психология мектебінің негізін салушы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин жəне басқалар ойынды жетекші деп бекер атамаған, яғни балалардың психикалық дамуын анықтаушы қызмет деп бағалаған. Ойын неғұрлым табиғи жолмен баланы əртүрлі əрекет түріне жақындастырады жəне осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады.

Тəжірибе көрсеткендей, компьютерлерді балалардың ойындық дамытушы əрекетінде 3-4 жастан бастап пайдалану мүмкін екенін жəне компьютер ойын элементтерінің түрін едəуір арттырып өзгертуге, олардың ойынға кіру əдісін түрлендіруге ықпал етеді.

Əрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететін өзгеріс- тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью- тер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын (қабылдау, образдық, қимылдық, логикалық ойлану) «теңестіруге» мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс-əрекетін ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық құрылымның белгілі бір дəрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы.

Бастауыш мектептердегі оқытудың сипаттық ерекшелігі – ең алғашқы күннен бастап оқушылардың меңгеруге тиісті ақпарат көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде ақпаратты саралау мен есте сақтауда едəуір қиындықтар туғызады. Өйткені, адаптация – жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал ақпараттарды толықтыру өте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі

педагогиканың көкейкесті міндеті оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру, материалды меңгеру уақытын қысқарту. Оқушылар ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көтеруі үшін, оларды ақыл-ой əрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен түсінік арасындағы тəуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру) əдіс-тəсілдеріне баулыған жөн. Осы мəселелерді шешу үшін жаңа компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.

Мектеп информатикасының негізгі міндеті 1980 жылдар соңында-ақ оның басты идеологы академик А. П. Ершовтың еңбектерінде қарастырылғанболатын. Бұл еңбектерде «компьютерлік сауаттылықтың» əрбір адам үшін өте қажет жəне олар өз қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген болатын.

Алайда, ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мəдениетті қалыптастыру талабы туындады, яғни оқушылардан заманауи компьютерлік технологияларды меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарасты, жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр.

Бірінші сынып үшін курстың мазмұны: пернетақтамен жəне

«Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеуді үйрену, тура жəне кері санаққа, сандар құрамына жəне қарапайым арифметикаға, əріппен, буынмен, жəне сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің оқулығынан өзге, оқушы үшін «Компьютер – сенің досың» атты бояу кітапша да бар.

Екінші сынып үшін курстың мазмұны: алғаш рет жиын ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу сияқты ұғымдармен танысу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру үшін «Санақшы, тапқыш, есте сақтағыш» атты жаттығулар жинағы қарастырылған.

А. В. Горячев басшылығымен Мəскеу экономика-статистикалық институтының авторлық ұжымы «Информатика ойындар мен есептерде» атты курс бастауыш мектеп оқушылары үшін арналып жасалған.

Курстың негізгі міндеттері:

• ақпараттық технология саласында есеп шығару біліктілігін дамыту:

• есептерді шығаруда логиканы пайдалану.

Компьютерлік технологияны оқу үдерісіне пайдалануды жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі – мектептердің экономикалық базасының жəне мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының төмендігі.

Сонымен, бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны пайдалану үдерісін одан əрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын мəселе, осыған сəйкесті педагогикалық бағдарламалық құралдар жасалынып оқу үдерісінде қолданылса, онда бұл құралдарды оқушыларды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдай жасалады.


Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. «Білім беруді ақпараттандыруды» қалай түсінесіз. Бастауыш білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайын талдаңыз.

2. Электронды оқулықтарды сипаттап, электронды оқулықпен жұмыс істеу əдістемесін саралаңыз.

3. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндік- терін айқындаңыз.

4. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау іскерліктеріңізді жетілдіріңіз, интерактивті тақта элементтерін сипаттаңыз.

Ұсынылатын əдебиеттер:

1. Досжанов Б., Альменаева Р. Электрондық оқулықтарды даярлау əдістері. – Алматы, 2002.

2. Нұрғалиева Г. К. Компьютер əлемі. – «Ұлт тағылымы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. – №2, 2012.

3. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1999.

4. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Электронды оқулық. – Академия, 2002.

5. Ошанова Н. Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы, 2008.

6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. –

Алматы, 2012.

7. Абубаева А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор- матика негіздері, №4, 2006.

8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.

–//Қазақстан мектебі №6, 2006.

9. Аяжанов С. С., Сатымбекова С. Б. Компьютерлік желілер. –

Алматы, 2011.

10. Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения.

– «Информатика и образование №6, 2002.

11. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.

12. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар.

– Алматы, 2004.

13. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.

14. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

15. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –

М.: Народное образование, 1998.

17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет