В. С. Кукушкина бойынша оқыту əдістерін таңдауға əсер ететін себептер тізімі
№
|
Себептер
|
Себепке
əсер ететін коэфф.
|
Орын
|
1
|
Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке
жетудің оқыту деңгейі
|
0,90
|
1
|
2
|
Оқытудың ынталандыру деңгейі
|
0,86
|
2
|
3
|
Оқытудың заңдылық ұстанымдарын
жүзеге асыру
|
0,84
|
3
|
4
|
Жүзеге асырлатын талаптар мен
мазмұндар көлемі
|
0,80
|
4
|
5
|
Оқу материалының күрделілігі мен
қажетті өлшем шегі
|
0,78
|
5
|
6
|
Оқушылардың дайындық деңгейі
|
0,65
|
6
|
7
|
Оқушылардың белсенділіктері,
қызығушылықтары
|
0,65
|
7
|
8
|
Оқушылардың жасы, оқу жұмысына
жарамдылықтары
|
0,62
|
8
|
9
|
Оқыту дағдыларының қалыптылығы.
Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы
|
0,60
|
9
|
10
|
Оқыту уақыты
|
0,55
|
10
|
12
|
Өткен алдыңғы сабақтағы əдіс-
тəсілдерді қолдану
|
0,40
|
12
|
13
|
Сабақтың типі мен құрылымы
|
0,38
|
13
|
14
|
Оқу еңбегі үдерісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын жəне билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым-
қатынасы
|
0,37
|
14
|
15
|
Сыныптағы оқушылар саны
|
0,36
|
15
|
Осы кестенің талдауы, оқыту əдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сəйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В. С. Кукушинаның ойы бойынша, осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теориялық білімге көп ықпал ету əдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мəнінде үнемі алдынала болжанбаған кездейсоқтық əсер етеді. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдынала болжанбаған салдарлар мен кездейсоқтықтардың санының өсу дəрежесі, өз коэффициенттерінің шегі мен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды əдістерді ешбір сəтті нəтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мəселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын көрсетеді, екінші жағынан тұрақты нəтижені алудың əсерлі тəсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мəселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын талаптардың барлығы да қоса қамтылған мəселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған жəне тұрақты нəтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.
Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі
Педагогикалық технология – бұл қажетті сапаны қамтамасыз ететін, іс-əрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үдерістен тұратын жүйе. Карта бойынша жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды жəне пəнді меңгеруде сабақ барысында олардың ойларын дамытуға мақсатталғаны жайында хабардар етуді қажет етеді. Мысалы: барлық сабақ барысында балалар жасайтын шапалақ олардың зейіндерін арттыруға қызмет етеді. Шапалақ тек «Алгоритм» картасында ғана міндетті болып табылады. Бірақ оларды басқа карталарда ұйымдастырушылық шаралар ретінде зейіндерін сабаққа аударуға қолданылуына тыйым салынбайды. Тапсырмаларды тексеру шараларын дұрыс орындауды аса қажет етеді. Бұл оқу материалдарын диагностикалау мен өлшемдік шегін анықтауда алынған ақпараттардың объективтілігін анықтайды.
Материалды меңгеруге жеңілдік жасау үшін карталар блок- сызба түрінде берілген. Автордан басқа ешкім де, технологиялық карта мен блок-сызбаға өзгертулер енгізуге құқығы жоқ. Өзгертуді қажет еткен жағдайда, технология авторының басшылығымен сарапшылар коммисияның шешімі бойынша өзгерістер енгізуге болады. Мұндай əсер ету ИСО 9000 халықаралық стандартқа сəйкес келетін, кез келген үдерістің стандартты кезеңі технологиялық əсер беретін ұдайы нəтиженің сапалы басқарылуына негізделген.
Əрбір айналым шегінде оқу үдерісінің кіші құрылымы аясында педагогикалық түсініктер берілген. Меңгеруге оңай болу үшін айналымдар əр түрлі түспен көрсетілген.
Технологияда негізгі оқу сабақтарының типтері қабылданған. Оқу үдерісінде оқу сабақтарының 5 типтері бар. Осыған байланысты əрбір карта оқу сабақтарының нақты бір типіне сəйкес келеді.
Əрбір оқу сабақтары типінің өз қисыны бар: Кіріспе сабақ: мотивация, меңгерілетін тақырыпты елестету, практикалық жəне əлеуметтіліктің мəнін ұғыну, түйсіну.
тип. Оқу сабақтарының меңгерілуі жəне жаңа материалды біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация, оқушылардың субъективті тəжірибесін өзектендіру, қабылдауды ұйымдастыру, ұғынуды ұйымдастыру, түйсіну. Түсінудің біріншілік тексерілуі, біріншілік бекітуді ұйымдастыру, талдау, түйсіну.
тип. Білімді бекіту жəне іс-əрекеттер бойынша оқыту сабақтары: мотивация, алдыңғы білімдері мен іс-əрекеттер тəсілдерін өзектендіру, стандартты жəне өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгісін құрау, білімді өз беттерінше қолдану, бақылау жəне өздік бақылау, түзету, түйсіну.
тип. Білім мен іс-əрекеттер тəсілдерін кешенді қолдану бойынша оқыту сабақтары: мотивация, білім мен іс-əрекеттер тəсілдері кешендерін өзектендіру, жаңа жəне ұқсас жағдаяттарда өз беттерінше білімін қолдану, бақылау жəне өзіндік бақылау, түзету, түйсіну.
тип. Білім жəне іс-əрекеттер тəсілдерін жалпылау мен жүйелеу бойынша оқыту сабақтары: мотивация, оқу материалдарының мазмұнын талдау, оқу материалдарының негізгісін бөліп алу, жалпылау жəне жүйелеу, пəнішілік жəне пəнаралық байланысты қалыптастыру, түйсіну.
тип. Білім жəне іс-əрекеттер тəсілдерін бағалау мен түзету, тексеру бойынша оқыту сабақтары: мотивация, өз беттерінше тапсырмаларды орындау, өзіндік бақылау, бақылау, талдау, бағалау, түзету, түйсіну.
Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық карталар
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық жəне сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сəттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пəнді сапалы түрде меңгеруге ынталану жəне қызығушылық таныту. Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |